“Абайсызда осылай болып қалды” деп шын өкінгенде - мүмкін жазасы ауыр болмас па еді?! - Айгүл Орынбек Бишімбаев туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Абайсызда осылай болып қалды” деп шын өкінгенде - мүмкін жазасы ауыр болмас па еді?! - Айгүл Орынбек Бишімбаев туралы

“Абайсызда осылай болып қалды” деп шын өкінгенде - мүмкін жазасы ауыр болмас па еді?! - Айгүл Орынбек Бишімбаев туралы

Заңгер Айгүл Орынбек атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісі туралы пікір білдірді.

  • 29 Ақпан
  • 720
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Марқұм қыздың әруағы тыныш жатсын десеңдер, екі жақ та талас-тартысты, дау-дамайды доғарыңдар!

Әділдігін сот шешсін!

Бұл қос тараптың ақпараттық шабуылдары және БАҚ арқылы қақтығыстары өршіп барады.

“Айгүл ханым, неге үнсіз отырсыз, үн қатсаңызшы” деп жекеме жарыса жазып, мені әл.желіде “тэгтеп” жатқан қауымға айтарым:

Адам өлімі орын алды, ол кісі өлтіру дерегін жасыруға талпынған адам — мен үшін қылмыскер! Заңда да солай!

Сол себепті, мен бұл істі ақтағым да, даттағым да келмейді… Құдай есіркесін, екі отбасыға да оңай емес! Сабыр берсін!

Салтанаттың өлімі, бұл — ешқандайда ақтауға келмейтін ауыр қылмыс!

2022 жылы дәл осы Салтанат сияқты екі қыздың ісінде жүрдім… Әлі есімде, сол кезде ақшасы бар қалталылар құдды бір малды өлтіріп қойғандай беймарал талтаңдап жүрді. Сот аяқталғанша қыздардың аналарының көз жасы тыйылмады, сол сәт әлі де көз алдымда…жүрегімде қалып қойды. Бұл қасіретті ұмыту мүмкін емес!

Бәрің қыз өсіріп отырсыңдар, қызды қаралауды доғарыңдар!

Мейлі… ол жеңілтек жүргіш болсын, тым жағымсыз, тіпті жаман қыз болсын, қазақта өлген адамның соңынан сөз айтпаған…!

Әруақтан қорықсаңдаршы!

Қылмыс орын алғанда бірден қаралауға көшпей… Қуандық елден және әйелінің туыс-жақындарынан кешірім сұрап: “мастықпен және білместікпен абайсызда осылай болып қалды” деп шын өкінгенде — мүмкін жазасы ауыр болмас па еді?!

Ал дәл қазір бұл тақырыпты негізсіз ушықтырып, қоғамды шулатып, даурықтырып, солай ақталып шығамыз деп ойлау — тым қателік және сауатсыздық!

Онсызда айдың күннің аманында бауыр еті баласы — жалғыз қыздарынан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған қыздың ата-анасы мен бауырының жүректегі жараларын — одан сайын тырнай бермей, Соттың әділ шешімін күтейік, халқым", — деп жазды заңгер.

Соңғы жаңалықтар