Абьюзерлік - дерт. Жалғыздық, жауыздық, рухани кемістік дерті. Оның емі жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абьюзерлік - дерт. Жалғыздық, жауыздық, рухани кемістік дерті. Оның емі жоқ

Абьюзерлік - дерт. Жалғыздық, жауыздық, рухани кемістік дерті. Оның емі жоқ

Қуандық Бишімбаевтың ісінен кейін қоғамдағы әйелдердің рөлі мен тағдыры ерекше талқылана бастады.

  • 30 Сәуiр
  • 12
Фото: ашық дереккөз

Қоғамды дүр сілкіндірген бір өзгерістің орын алып жатқаны байқалады. Бишімбаевтың шулы ісі әйелдердің көзін ашып, ер адамдарды ойландыратын халге жеткізді. Осы қылмыс жаңа заң қабылдауға әкелді. Өзекті мәселенің бірі «абьюз» тақырыбы болып отыр. Бұл туралы Самал Шаймерденова керемет ой қалдырыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Абьюзер деген кім? Олар, өз “жертвасы” үшін қатты күреседі. Сені таңдаса, өлсең де қашып құтыла алмайсың. Итпен іздеп, мысықтай аңдиды. Және, “анау-мынауға” ауыз салмайды. Көрікті, рухы мықты, жан дүниесі таза адамдарды таңдайды. Жүргіш әйелдерге өлсе де жоламайды. Жүргіш қатындар — сүйікті дессерті. Ондайлармен көңіл көтергенді аса жақсы көреді. 

Қысқасын айтқанда, көріктінің қасында бағасын асырады. Ертіп жүргенге “приятно”. Рухы мықтымен айқасу — кайфтың пигіне жеткізіп тұрады. Оның үстіне мықты әйелдер маңқасы ағып жылап, мияулап, сөлпиіп, сүміреймейді. “Әйт” десе түк болмағандай жайнап, құлпырып шыға келеді де, еріп жүре береді. 

Жан дүниесі таза адамдар аңғал, көнгіш, сенгіш келеді. Мөп-мөлдір көлді былғап ойнағанның рахатын да өздері ғана біледі. 

Абьюзермен он жыл өмір сүрсең есалаң, қорқақ, ауру болып тынасың. 

Ештеңе қызық емес! Сендегі ерекшелікпен алысып, сүйікті істеріңнен тиып, сүйікті адамдарыңнан алшақтататып, сындырып тастайды.

Олар жауыздығын біртіндеп өсіреді. Миыңды іліп жеуден қасықтап жеу процесіне де қадамдап көтеріледі. Сені қандай соққыдан да тұрып кетуге тәрбиелейді. 

Тұру керексің!

Абьюзер досынан да, бауырынан да, көршіден де, ұшқан шыбыннан да қызғана береді. Анығында, ол сені қорлап, жаныңды жеу үшін көрінгенге әдейі теңейді. Саған жылы сөйлеп, күліп қарап, комплимент айтқанның бәрі — төсектесің! 

Айналасындағы ойы, бойы, ақылы, беделі өзінен жоғары адамдарды жек көреді. Тек, күші жетпейді. Қорланады. Ол адаммен аса зор ілтипатты қатынас жасайды. Ходы сондай. Сосын, осы қорлығын сенен алады. Саған теңеп, екеуіңді ойша аунатып, оның саған айтқан комплименттері мен сөздерін санап, дамытады. Ұрады, соғады, жазалайды. Жауынан төмен болғаны үшін өтіп кеткен кегін солай басады. 

“Ол сені сүйе ме? Неге саған ғана қарай береді? Неге сені қолпаштайды? Үйкеліп өтті…”деген сияқты айыптаулар фантазиясын байта береді, байыта береді…

Бұл — қылмыс!

Бірақ, олар қылмысын жауыз жүзімен ақтап, қанды қолымен сүртіп тастаудың хас шеберлері. Жұрттың көзінше сенен сұлу, сенен ақылды жан жоқ! Солай мақтап, мадақтап отырады. 

Жарқыратып киіндіріп, жалтыратып алтын мен жақұтқа орап қояды. Аузыңды ашып көр!

“Әтуерсіз қатын” деген атаққа қалатыныңды осылай түсіндіреді.  Егер кетсең, қымбат сыйлықтарын сыпырып алады.  “Кетемін!” десең, келекетеді.

“Қайда барасың? Кімге керексің?” деп әжуа қылады. Өйткені, рухыңды сындырып тастағанына сенімді. Оған көнбесең сояды. “Анаумен өйткің, мынаумен бүйткің кеп жүр ме? Оған көнбесең, жалынады. Жылайды. Аяғыңа жығылады.

Ең қымбат заттар алып беріп, құрдай жорғалайды. Қас пен көздің арасында жуасып, мөлиіп қалады. Балалық шағында көрген қорлығын, жалғыздығын, азаптарын айтып, т.т. ойлап тауып, мүсәпір күйге түсіп жанашырлығыңды оятып жібереді. 

Бұл-тактика! Әрине, соққыдан аман-есен есіңді жисаң соңғы этаптарға жетесің.
Қорқасың. Жек көресің. Жиіркенесің. Абьюзерді алдауға бола ма? Жоқ!
Ол сенен мың есе қу! Сені аңқаулығың мен жұмсақтығың үшін әдейі таңдап алған жоқ па?! Зерттеп алған!

Абьюзермен ажырасу өмірге қайта келгенмен пара-пар. Одан да мықты қорғаушың болмаса, тірідей жібермейді. Оның ішкі серті — (лучше) көрге тығу!
Абьюзерлік — дерт. Жалғыздық, жауыздық, рухани кемістік дерті. Мұның себебі өте көп. Травма. Ең жаманы, емі жоқ. 

Олар өз “жертвасын” сүйеді. Өзінше сүйеді. Соны ғана азаптау ләззатын аңсайды. Сенің одан мықты болғаның үшін жек көреді. Тек, ұмыта алмайды! Айналасына өзін ақтап, сені кінәлап, жалған айып тағып, қаралайды. Елді сендіріп тастайды да, іштей егіліп, сағынып жүреді. Білдірмейді.  Ал саған тәй-тәй басқан баладай қалбаңдап, өміріңді нөлден бастауыңа тура келеді.

«Өйткені, бәрін жоғалтқансың. Сенім, сезім, сұлулық… Бәрін!»Өйткені, бәрін жоғалтқансың. Сенім, сезім, сұлулық… Бәрін!», — деп жазыпты автор.

Соңғы жаңалықтар