Әблязов Ресейге экстрадициялануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әблязов Ресейге экстрадициялануы мүмкін

Әблязов Ресейге экстрадициялануы мүмкін

Қашқын банкир Мұхтар Әблязов биыл Ресейге экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы көрші елдің бас прокуроры Юрий Чайка жергілікті ақпарат құралдарына мәлімдеді.

  • 13 Қаңтар 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Оның бұлай деуіне Франция сотының былтыр шығарған шешімі себеп екен. Онда қашқын олигархты «Ресейге экстрадициялау қажет» деген ұйғарым жасалған. Әблязов 2013 жылы Францияда қолға түскен болатын. Сол кезде Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина арасында қашқын олигархты экстрадициялауға қатысты талас басталды. Үш мемлекетте ірі көлемде алаяқтық жасаған банкир тек Қазақстаннан 7 жарым миллиард доллар ұрлап кеткен. Бұл қыруар қаржы БТА банкінің салымшыларына тиесілі.