Абылай ханды Ташкентте улап өлтіргені рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абылай ханды Ташкентте улап өлтіргені рас па?

Абылай ханды Ташкентте улап өлтіргені рас па?

Ulysmedia.kz оқырманының назарына XVIIІ ғасырда Қазақ ханы Абылай мен Ресей патшайымы ІІ Екатеринаның қалай хат алмасқаны, ол хаттарда не жазылғаны туралы мақала ұсынды

  • 21 Қазан 2021
  • 166
Фото - Caravan.kz

 Онда қазақтардың өз жері арқылы өткен сауда керуендерін тонағаны және Абылай ханды улап өлтіргені жайлы нұсқалар айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап. 

Керуен тонаған қазақтар

Көшпелі бабаларымыз малын бағып, елін қорғаумен қатар, барымтадан да, жортуылдан да ада болмағаны белгілі. Саудагерлердің түк ұйқысын қашырып, Орта Азиядан кетіп бара жатқан керуенді де шапқан кездері болған. Мұндай жағдайлар сол тұста өзін толыққанды империя сезіне бастаған Ресейге де ұнамаған. Бұған тарихи құжаттар дәлел. Тарихтың ол кезеңі туралы бізге Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архивінің аға қызметкері Ақшолпан Әлімбаева айтып берді.

«Орынбор облысының мемлекеттік архивінен табылған 1767 жылғы 5 қарашадағы хаттарға қарасақ, сол жылдың шілде айының ортасында Абылай ханның бақылауындағы Орта Қырғыз-қайсақ ордасында (сол тұста Ресей Қазақ хандығының Орта жүзін солай атаған) ташкенттік керуен тоналады. Ресей патшалығының билеушілері осыған байланысты өз бағыныштыларын бақыласа, азиялық сауда керуендеріне шаппаса деп өтініш білдірген», — дейді Ақшолпан Әлімбаева.

Оған жауап ретінде Абылай хан «аса құрметті әрі аса мәртебелі генерал-поручик, Орынбор губерниясының кавалері әрі губарнаторы Иван Андреевич Рейнсдорфқа» жауап жазады.

«Біздің Орда Ресей секілді аса үлкен емес. Әйтсе де аз да емес. Біздің халқымыз әрдайым көшіп-қонып жүреді. Сол себепті керуен тонаушылар менің қолыма түсе бермейді, жеріміз кең болғандықтан, кімнің қайда көшіп, қонып, түнеп жүргенін біле бермеймін»
, — деп түлкібұлаңға салады Абылай хан.

Сондай-ақ қазақтың билеушісі бұл ретте керуендер тоналмауы үшін Қытайдың Боғдыханымен Маншың империясынан 10-20 мың адамды бөлу туралы келісімге келгенін хабарлайды. Дәл осындай көмекті ол оның билеушісі ІІ Екатеринадан да сұрайды.

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ УЛАНҒАНЫ ТУРАЛЫ НҰСҚА

Абылай хан 1781 жылы 70 жасында өмірден озды. Ресей архивтерінде табылған құжаттарға қарасақ, оның өлімінің нұсқаларының бірі – улау болған.

Ақшолпан Әлімбаева тағы бір архив құжатын келтіреді.

«Князь, генерал-майор мырза 1781 жылы 20 наурызда Петр Сумароковтың сарайында баянатпен хабарлайды: оған өзіне сенімді адам әрі Орта жүз старшинасы Құлабек батыр Абылай ханның Ташкентте өлгенін хабарлайды. Басқа біреулер Ташкентте оны улап өлтіргенін айтады. Бірақ шын мәнінде бұған сенгіміз келмейді. Құлабек батырға Абылай ханның шын өлгенін немесе өлмегенін білуді тапсырдық. Бұл хат Омбыдан жіберілді. Өкінішке қарай, тергеудің нақты нәтижесі бізде жоқ» деп жазады», — дейді Ақшолпан Әлімбаева.

Соңғы жаңалықтар