ӘЧ-2014: Швейцария соңғы минутта Эквадорды шаң қаптырып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ӘЧ-2014: Швейцария соңғы минутта Эквадорды шаң қаптырып кетті

ӘЧ-2014: Швейцария соңғы минутта Эквадорды шаң қаптырып кетті

Маусымның 15-нен 16-сына қараған түнi Бразилиядағы футбол әлем чемпионатының төртiншi күнiнде Швейцария мен Эквадор құрамалары кездестi. 

  • 16 Маусым 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бұл ойында еуропалықтар ойынның соңғы минутында гол салып, 2:1 есебiмен жеңiске қол жеткiздi. 

Алғашқы голды 23-минутта эквадорлық Энер Валенсия қақпаға енгiзген болатын. Дегенмен Швейцария кездесудiң 49-минутында Мехмедидiң голымен есептi теңестiре алды. Ал ойынның соғы секундтары қалғанда Сеферович Швейцариялықтарға маңызды үшінші ұпай алып бердi.

Айта кетейiк, бiрер уақыттан соң, сағат 01:00-де Франция құрамасы Гондураспен өзара кiм мықтыны анықтамақ. Оны "Еуразия" бiрiншi арнасы" арқылы көре аласыздар. Ал сағат 04:00-де Аргентина мен Босния және Герцеговина кездесуi өтедi. Матч "Қазақстан" мен KazSport телеарналарынан көрсетiледi.