Адамша сөйлейтін тотықұс 1500 сөзді жадында сақтай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адамша сөйлейтін тотықұс 1500 сөзді жадында сақтай алады

Адамша сөйлейтін тотықұс 1500 сөзді жадында сақтай алады

Оралда экзотикалық құстар көрмесі ашылды. Бұл қанаттыларды Павлодар қаласының тұрғыны жинапты.

  • 27 Шiлде 2015
  • 1770
Фото - Caravan.kz

Мұнда Оңтүстік Американың тропикалық ормандарын мекен ететін 20 шақты құс, сондай-ақ сүтқоректіден гиббон мен мексикалық бір жанат әкелініпті, деп жазады khabar.kz

Құстардың ең кішкентайы — зебра тәріздес амадин. Оның бойының ұзындығы небәрі 5-ақ сантиметр. Ал ең ірісі — жасыл қанатты АРА тотықұсы. Күтімі күшті болса, тотықұстар 100 жасқа дейін өмір сүреді.

Бұл көрмеден адамша сөйлей алатын сұр жаконы да көре аласыз.  1500 сөзге дейін жаттап, жадында сақтай алатын бұл тотықұс түрі Гиннестің рекордттар кітабына енген. 

-Мәселен, какаду деген өте кекшіл құс. Ренжітіп қойсаң бітті, өмір бойы ұмытпайды. Мына какаду бұрын шақырғанымда жаныма жетіп келетін. Қазір мүлдем жоламайды. Сұр жакоға көп көңіл бөлгенім үшін ренжіп жүр маған, — дейді көрме әкімшісі Андрей Силютин.