Әділбек Ниязымбетов бокспен қош айтысты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділбек Ниязымбетов бокспен қош айтысты

Әділбек Ниязымбетов бокспен қош айтысты

2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарында екі дүркін күміс жүлдегері атанған Әділбек Ниязымбетов бокстағы мансабын тоқтату жайында шешім қабылдады. 

  • 12 Қараша 2018
  • 50
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бокстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтты деп жазады Sports.kz басылымы.

«Иә, Әділбек бізбен бірге ақылдаса отыра осындай шешім қабылдады. Ол Қазақстан құрамасында біраз уақыт өнер көрсетті, елімізге жеңіс сыйлап, көк туымызды желбіретті. Оның жарақаттары бар, ал оны емдеуге біраз уақыт кетеді. Спортшы үшін ең бастысы денсаулық болу керек. Біз Әділбектің шешімін құптаймыз, біз оның жасаған еңбегі үшін алғысым шексіз. Мен өз атымнан және жаттықтырушылар штабының атынан Әділбекке алдағы уақытта тек сәттілік тілегім келеді», — деді Мырзағали Айтжанов.