Әділет министрлігі мемлекет қатысуымен жасалған азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу механизмін жетілдіруді қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі мемлекет қатысуымен жасалған азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу механизмін жетілдіруді қажет деп санайды

Әділет министрлігі мемлекет қатысуымен жасалған азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу механизмін жетілдіруді қажет деп санайды

Астана. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрлігі мемлекеттің қатысуымен жасалған азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу механизмін жетілдіруді қажет деп санайды. Бұл туралы алқа отырысында әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Ақпан 2008
  • 460
Фото - Caravan.kz

«Мемлекетке ұсынылған қарызды бағалау мәселесі өзекті болып қалып отыр», — деп мәлімдеді Д. Құсдәулетов. Қарыз мәселесі жөніндегі үкімет жанындағы мекеме аралық комиссия жұмысын Әділет министрлігі жүргізіп отырғанын жеткізді.

«2007 жылы оның алдындағы жылдардағыдай, комиссия жұмысындағы негізгі проблема пайда болған шағымдардың тууына, атқарылуына және бақылануына, сондай-ақ, мемлекетке ұсынылған шағымдардың негізділігін дәлелдейтін заңдық, қаржылық және өзге де құжаттарға мүдделі органдардың тиісті қадағалау жасамауы болды», — деп атап көрсетті ол.

«Жалпы алғанда, мемлекеттің қатысуымен жасалған азаматтық-құқықтық келісімшарттарды тіркеу механизмін заңдық жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар жасау қажет», — деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті