Әділет министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын әзірлемек - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын әзірлемек

Әділет министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын әзірлемек

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын әзірлемек. Бұл туралы бүгін, парламенттегі үкімет сағатында сөз сөйлеген әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қазан 2007
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Келесі жылы «Мемлекеттік активтер туралы» жиынтық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда, онда мемлекеттік меншікті басқарудың негізгі принциптері, формалар мен әдістері реттелетін болады»,- деді З. Балиева.

Атап айтқанда, министрдің айтуынша, заң жобасында «мемлекет меншігін иеліктен шығару тәртібі, активтер сатып алу тәртібі, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және есепке алу тәртібі» сияқты мәселелер көрініс табады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті