Әділет министрлігі үстіміздегі жылдың аяғына дейін Қазақстан аймақтарында 180 астам Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі үстіміздегі жылдың аяғына дейін Қазақстан аймақтарында 180 астам Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отыр

Әділет министрлігі үстіміздегі жылдың аяғына дейін Қазақстан аймақтарында 180 астам Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отыр

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрлігі үстіміздегі жылдың аяғына дейін Қазақстан облыстарындағы аудан орталықтары мен қалаларында 180 астам Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Әділет министрлігінің Тіркеу қызметтері комитеті бастығының орынбасары Бақыт Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Қазан 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылдың аяғына дейін облыс қарамағындағы аудан орталықтары мен қалаларында 182 Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады»,- деді Б. Әбішев.

Ол сондай-ақ, «желтоқсанның аяғына дейін «Самғау» холдингімен бірлесе отырып, Қазпошта желісі арқылы алыстағы ауылдарда «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі эксперименттік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда», деп атап өтті. «Қазпоштаның желісі көп тарамды, және де біз эксперимент жасау үшін Алматы облысының алыстағы бес-алты елді-мекендерін алғалы отырмыз»,- деп нақтылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті