Әділет министрлігі жол-көлік апатына қатысты сараптама жүргізуге арналған жаңа әдістеме әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі жол-көлік апатына қатысты сараптама жүргізуге арналған жаңа әдістеме әзірледі

Әділет министрлігі жол-көлік апатына қатысты сараптама жүргізуге арналған жаңа әдістеме әзірледі

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрлігі жол-көлік апатына қатысты сараптама жүргізуге арналған жаңа әдістеме әзірледі. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағатында сөз сөйлеген әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қазан 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күнде әдістеме әзірленіп қойған, және де ол жақын арада бекітіледі»,- деп мәлім етті З. Балиева.

«Біз бұл әдістемені әзірлеуде сараптама жасаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен де келістік, ресейлік әріптестерімізбен де бірлесе жұмыс істедік. Бүгінде ол дайын»,- деп қосты ол.

Сондай-ақ министр, «бүгінгі күнге дейін сот сараптама орталығы 1978 жылғы әдістемені — Илларионовтың көлік оқиғалары бойынша әдістемесін пайдаланып келді», деп атап өтті.

Жалпы, З. Балиеваның мәліметтеріне сүйенсек, Әділет министрілігі 2,5 жыл ішінде әртүрлі сараптама жүргізудің 96 әдістемесін әзірлеген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті