Аджман әмірлігінің билеушісі VII Астана экономикалық форумына шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аджман әмірлігінің билеушісі VII Астана экономикалық форумына шақырылды

Аджман әмірлігінің билеушісі VII Астана экономикалық форумына шақырылды

Аджман әмірлігінің билеушісі, БАӘ Жоғарғы кеңес мүшесі Хумеид бен Рашид ан-Нуэйми өз резиденциясында Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифті қабылдады.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 521
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында қазақстандық елші әмірлік билеушісімен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндктері жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстандық елші Аджман әмірлігінің іскер топтары өкілдерін VII Астана экономикалық форумына шақырды.

Аджман — БАӘ-дегі ең кішкентай әмірліктердің бірі. Аумағы 259 шаршы шақырымды құрайды.  Халық саны 372 923 адам (2008 жылғы санақ бойынша). БАӘ құрамына 1971 жылы 2 желтоқсанда кірген.