«2007 жылы антимонополиялық орган AES тобына қамтылатын компаниялардың, дәлірек айтсақ, топқа қамтылатын компаниялардан электр қуатын өндіретін » AES Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС, » AES Шульбинская ГЭС» ЖШС, » AES Согринская ТЭЦ» ЖШС, «AES Усть-Каменогорская ТЭЦ» АҚ, делдал компаниялардан «Шыгысэнерготрейд» ЖШС, «Нурэнергосервис»ЖШС -нің монополияға қарсы заңнаманы бұзу оқиғаларын (келісілген әрекеттер және баға белгілеу тәртіптерін бұзу) анықтап, монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату және олардың зардаптарын жою жөнінде нұсқау берілді», — делінген бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз баянында.
Антимонополиялық органның барлық нұқсауларына қарсы нарық субьектілері сот тәртібімен шағымданды.
«Шығыс Қазақстан облысы бойынша арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотттың шешімімен «AES Усть-Каменогорская ТЭЦ» АҚ бюджетке 832 639 008 теңге аударуға міндетті болса, «Шыгысэнерготрейд» ЖШС тұтынушыларға қайта есептеу арқылы 105,7 млн теңге көлемінде шығынның орнын толтырып, 105 млн теңге көлемінде монополиялық кірісті өтеуге тиіс, ал «АЭС Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС бюджетке 1 264 629 058 теңге көлемінде монополиялық пайданы аударып, » AES Шульбинская ГЭС» ЖШС бюджетке 1366735630 теңге көлемінде монополиялық кірісті өтеуге тиіс», — делінген баспасөз баянында.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, Шығыс Қазақстан облыстың сотының азаматтық алқасының қаулысымен аталған сот шешімдері өзгеріссіз қалдырылды.
«Алматыда «Нурэнергосервис»ЖШС бойынша бюджетке 17 млрд теңге көлемінде монополиялық пайданы аудару жөнінде сот талқысы жалғасуда», — делінген хабарламада.
Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, қазіргі уақытта «»AES Усть-Каменогорская ТЭЦ» АҚ мен » AES Усть-Каменогорская ГЭС» ЖШС бойынша сот шешімдеріне атқару қағаздары берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті