Африкалық алаяқтар қара түсті қағазды әлдебір сұйықтыққа малып, ақша жасау сиқырын көрсеткен. Осылайша аңғал тұрғындардың 300 мың долларын қалталарына баспақ болыпты. Алаяқтардың арбауына қанша адамның түскені әзірге белгісіз. Бір анығы астыртын кәсіптерімен олар көптен бері айналысқан. Шетелдіктердің жалдамалы пәтерін тінту кезінде сол бума-бума қағаз бен сиқырлы сұйықтық табылып, тәркіленді.