Агенттікке мақсаттан тыс пайдаланылып отырған бұрынғы балабақшалардың ғимараттары туралы оқырмандардан хаттар келіп түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Агенттікке мақсаттан тыс пайдаланылып отырған бұрынғы балабақшалардың ғимараттары туралы оқырмандардан хаттар келіп түсуде

Агенттікке мақсаттан тыс пайдаланылып отырған бұрынғы балабақшалардың ғимараттары туралы оқырмандардан хаттар келіп түсуде

Алматы. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Агенттікке мақсаттан тыс пайдаланылып отырған бұрынғы балабақшалардың ғимараттары туралы оқырмандардан хаттар келіп түсуде.

  • 27 Маусым 2008
  • 333
Фото - Caravan.kz

Өз хаттарында олар көп жылдан бері салалық емес ұйымдардың иелігінде жүрген немесе бос тұрған бұрынғы балабақшалардың мекенжайларын атауда.

Мәселен, өзін Мара деп таныстырған бір хат авторы «Орбита-4» ықшамауданындағы «Leader» жеке меншік мектебінің жанында тағы бір бұрынғы балабақша бар екенін жазады.

Ал «Авторадио» ақпараттық қызметінің редакторы Сергей Шипулин өз хатында 2-ші ықшамауданда тағы да бұрынғы екі балабақша бар екенін хабарлайды.

Агенттік оқырмандар мен қалалық әкімдіктің жауапты тұлғаларын балабақшалар проблемасы бойынша диалогқа шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті