Жарияланды: 370

Ағымдағы жылдың аяғына дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары 50-ден астам қызмет түрін көрсететін болады - ҚР Әділет министрлігі

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың аяғына дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары 50-ден астам қызмет түрін көрсететін болады. Бұл туралы бүгін осындай орталықтардың қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында ҚР әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Егер қазір Халыққа қызмет көрсету орталықтары 25 түрлі қызмет көрсетсе, жылдың аяғына дейін олардың саны 50-ден асады", - деді Дулат Құсдәулетов. Оның айтуынша, "мемлекеттік қызметтердің реестрінде 131-ден астам қызмет түрі бар". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін