Ағымдағы жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту деңгейі 60 балл болады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту деңгейі 60 балл болады

Ағымдағы жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту деңгейі 60 балл болады

АСТАНА. 20-қаңтар. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылы Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту деңгейі 60 балл болады. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев министрліктегі алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Наурыз 2007
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Жоғары оқу орнына түсу үшін Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту деңгейі 50-ден 60 баллға дейін арттыралады»,- деді министр. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең төменгі деңгей былтыр да 60 балл болған медициналық жоғары оқу орындарында да балл деңгейін көтеру көзделуде.

Ж.Түймебаевтың айтуынша, 2007-жылы «Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысушылар үлесі 85,4%-тен 87% дейін, ал Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл 63,3-тен 65-ке дейін өспек».

Министр сонымен бірге 2008-жылдан бастап қазақ тілі Бірыңғай ұлттық тестілеуге қамтылатын міндетті пәндердің тізіміне енгізіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті