Ағымдағы жылы СҚО-ға тұрақты қоныстануға оралмандардың 500 отбасы келеді
Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысына (СҚО) тұрақты қоныстануға оралмандардың 500 отбасы келеді, деп СҚО көшіқон полициясынан хабарлады. |
«48 отбасы көшіп келді де. Олар оралман мәртебесін алған 130 адам», - деді басқармадағылар.
Полицейлердің мәліметтерінше, Қазақстанға келіп жатқан оралмандар Ресейден, Өзбекстаннан, Монғолия, Қырғызстан және Қытайдан екен.
«Бүгіндері көшіп келгендердің басым көпшілігі Қызылжар ауданының Байтерек ауылына қоныстануда. Облыста 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Нұрлы Көш» бағдарламасы аясында, бұрындары келген оралмандар баспана алуға 132 өтініш берді. Жыл басынан бері 92 отбасына (348 адам) жалпы сомасы Т92 млн болатын қосымша өтемақы мен төлемдер жасалды», - деп СҚО ІІД миграциялық полициясынан мәлім етті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін