Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады

Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады

Аи - 92, Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы 102 теңге көлемінде қалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

  • 11 Шiлде 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

Оның сөзіне қарағанда, жақын арада Мәжіліс қабылдаған жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі қабылданған заңға қол қойылғаннан кейін бұл мәселе тез арада шешілмек. Атап айтқанда, бүгінде жанармай бағасы Гелиос компаниясының жанармай құю стансаларында ғана өсіп отыр. «Айта кетейік, жанар-жағармайды реттеу мәселесі жөніндегі заң қабылданған болатын. Сол заң бойынша жағармайдың шекті бағасы анықталады. Егер де, сол шекті бағадан өсетін болса, оған біз тиісті шара қолданатын боламыз»,-деді министр.

«Аи — 92, 93 маркалы бензин үшін шекті баға қазіргі кездегі 102 теңге көлемінде қалатын болады. Тек қана Гелиос компаниясы бензин бағасын көтерді. Алайда бұл мәселе бойынша тиісті шара қолданылады»,-деп атап өтті С. Мыңбаев.