Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімде өткен отырысында «Air Astana» әуе компаниясының вице президенті Ербол Оспанов мәлім етті.
«Ағымдағы жылы 6 ұшақ жеткізіледі деп күтудеміз. Оның бірі «Boeing 767», екеуі «Embraer 190», ал үшеуі «Airbus 320». Олардың барлығы да зауыттан жаңа шыққан ұшақтар», — деді ол.