«Әй, қытай-ау, қытай!». Қаршадай қыз Қытайға жұдырығын түйіп, әкесін қайтаруды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әй, қытай-ау, қытай!». Қаршадай қыз Қытайға жұдырығын түйіп, әкесін қайтаруды сұрады

«Әй, қытай-ау, қытай!». Қаршадай қыз Қытайға жұдырығын түйіп, әкесін қайтаруды сұрады

Қытайдағы қандастарымыздың қиын жағдайы әлі де ушығып тұр.

  • 26 Шiлде 2018
  • 130
Фото - Caravan.kz

Қазақстанға көшіп келсе де сонда туысшылап кеткен осындағы біраз қазақтардың да кері қайтарылмай қамалып жатқандары жетерлік.

Әкесі Қытайда қалған Мейір Базарқызы бұл жолы көрші елге жұдырығын түйе сөйлеп, сауал тастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Ол бұған дейін де әкесін қайтаруды өтініп, бейне үндеу жолдаған болатын

Аталған видеоны әлеуметтік желіге Daulet Bahar жүктеді.

«Мейір Базарбайқызы 03.12.2009 жылы Қытайда туылған. Қазір Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан қаласында тұрады. Әкесі Базарбай Нұрданғазыұлы 23.12.1955 жылғы. Отбасымен Қытайдан Қазақстанға көшіп келген. 20.09.2017 жылы Базарбай Нұрданғазы Қытайдың Іле облысы, Күнес ауданы, Аралтөбе қалашығына кеткен. Содан бері Қытай үкіметі төлқұжатын тартып алып, Қазақстандағы отбасына қайтармай отыр», деп жазды Дәулет Бахар


 

Мейір Базарбайқызы 03.12.2009 жылы Қытайда туылған. Қазір Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан қаласында тұрады. Әкесі Базарбай Нұрданғазыұлы 23.12.1955 жылғы. Отбасымен Қытайдан Қазақстанға көшіп келген. 20.09.2017 жылы Базарбай Нұрданғазы Қытайдың Іле облысы, Күнес ауданы, Аралтөбе қалашығына кеткен, содан бері Қытай үкіметі төлқұжатын тартып алып, Қазақстандағы отбасына қайтармай отыр.

Posted by Daulet Bahar on Tuesday, July 24, 2018

 

Соңғы жаңалықтар