Ай сайын төленетін несие көлемі қарызгер кірісінің 50 пайызынан аспау тиіс - Ұлттық банк - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ай сайын төленетін несие көлемі қарызгер кірісінің 50 пайызынан аспау тиіс - Ұлттық банк

Ай сайын төленетін несие көлемі қарызгер кірісінің 50 пайызынан аспау тиіс - Ұлттық банк

Ай сайын төленетін несие көлемі қарызгер кірісінің 50 пайызынан асқан жағдайда Қазақстанның екінші деңгейлі банктері ҚР Ұлттық банкінің Қауылысына сәйкес оларға несие бере алмайтын болады.

  • 6 Наурыз 2014
  • 647
Фото - Caravan.kz

«Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы» атты қаулыда қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең үлкен деңгейі 0,5 құрайды делінген. Ал қарыз алушының ай сайынғы орташа табысы қарыз алушының соңғы алты айдағы жалақысы немесе өзге де табыстары сомасының алтыға қатынасы ретінде есептеледі.

«Егер қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген мәндерден жоғары болып табылған жағдайда банк: қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру; қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік  лимитті белгілеу); қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру; қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды», — делінеді қаулыда.

Қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.