Айдын Айымбетов ғарышқа ұшатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдын Айымбетов ғарышқа ұшатын болды

Айдын Айымбетов ғарышқа ұшатын болды

Сүйінші! Араға тура 21 жыл салып ғарышқа тағы бір қазақ ұшатын болды. Бүгін «Роскосмос» Айдын Айымбетовтің көкке көтерілетінін хабарлады. Жерлесімізге әйгілі әншінің орны бұйырып отыр.

  • 23 Маусым 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

43 жастағы Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясының құрамында қысқа мерзімдік сапармен ұшпақ. Ал отандасымыздың орнын иеленуге ресейлік бай кәсіпкерлер мен тәжірбиелі ұшқыштар таласқан болатын. Соңында бірнеше жыл бойы жолы болмай жүрген жерлесіміздің  айы оңынан туып, Айымбетов танымал әнші Сара Брайтманның орнына космосқа аттанатын болып шешілді. Айымбетовпен Халықаралық ғарыш  станциясында ресейлік және еуропалық әріптесі болады. Ал Союз кемесі Байқоңырдан 1-ші қыркүйекте көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр. Бір қызығы, бұл қуанышты ақпардан «Қазғарыш» хабарсыз боп шықты. «Роскосмос» ақпаратты олардан бұрын журналистерге таратса керек.