Жарияланды: 1600

Айдын Айымбетов ҚР Әскери-әуе күштерінің туын ғарышқа алып ұшады

Айдын Айымбетов ҚР Әскери-әуе күштерінің туын ғарышқа алып ұшады

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің туын өзінің ғарышқа алғашқы сапарында өзімен бірге алып ұшады.

Ту оның қазақстандық армиядағы ұшу мансабының бастамасы және аңсаған арманы - ғарышқа ұшуға қол жеткізгенін айқындайтын белгі болып табылады.

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылығы басқармасының өкілдері арқылы Әскери-әуе күштерінің туы ғарышкерге берілді.

Айдын Айымбетов 1993 жылы «ұшқыш-инженер» мамандығын алғаннан кейін ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 21751 әскери бөлімінде қызмет атқарып, МиГ-23 және Л-39 ұшақтарында ұшуларды орындады.

2002 жылы ұшқыш Қазақстандық ғарышкерлердің жасағына енгізуге ұсынылған болатын. Ол ғарышкерлікке үміткерлер тобының құрамында даярлыққа кірісті. Үш жылдан соң «ғарышкер-сынаушы» біліктілігін алды. 2014 жылы оған «ҚР ӘӘК полковнигі» әскери атағы берілді.

Алдағы «Союз ТМА-18 М» ұшу кемесінде ғарышқа ұшу ағымдағы жылы қыркүйектің басына жоспарланып отыр. Айдын Айымбетов ғарышкер Сергей Волков (Ресей ғарышы) және астронавт Андреас Могенсенмен (Еуропа ғарыш агенттігі) бірге Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.

2
3

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін