Әйел билеттердің бір реттігінен ЭКСПО-ға кіре алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйел билеттердің бір реттігінен ЭКСПО-ға кіре алмады

Әйел билеттердің бір реттігінен ЭКСПО-ға кіре алмады

Қостанайдан келген қонақ әйел "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағының сыртына бірнеше минутқа шығып, қайта ішке кіре алмаған. Бақылау-өткізу бекетінен кірген әйел шамалы уақыттан соң танысының балаларын күтіп алу үшін сырқа шығады. 

Қайтадан көрмеге ол кіре алмаған, өйткені оған ЭКСПО-ға кіру тәртібімен тыйым салынған. 

  • 23 Маусым 2017
  • 368
Фото - Caravan.kz

"Не істерімді де білмеймін. Ештеңені де көріп үлгермедім, кірдім де шықтым. Мен ол ережелер туралы білмедім. Балаларым іште күтіп тұр, олардың жастары 9 және 12-де. Не істерімді білмеймін", — деді өзін таныстырғысы келмеген әйел.  Ереже бойынша әйелге жалғыз мүмкіндік билетті қайта сатып алу. Оның құны жұмыс күндері 4 мың теңге, ал демалыс күндері 6 мың теңге.

Сонымен қатар ЭКСПО аймағында өтетін іс-шараға қатысу үшін ЭКСПО-ға кіру билетін сатып алу қажеттігін ұмытпау керек. Іс-шараға қатысу билетін сатып алу жеткіліксіз, көрмеге кіру билеті де міндетті.