«Әйелдер қыз етегін ашып көрмеген 72 жігітпен төсектес болуға хақылы»: Атышулы жазба - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әйелдер қыз етегін ашып көрмеген 72 жігітпен төсектес болуға хақылы»: Атышулы жазба

«Әйелдер қыз етегін ашып көрмеген 72 жігітпен төсектес болуға хақылы»: Атышулы жазба

Жұмақта ерлердің хор қыздарымен бірге болады дегенді өзінің бар білгенімен тәпсірлеген (діннен шығып кеткен) бангладештік әйелдің басы бәлеге қалған. 

  • 27 Сәуiр 2021
  • 416
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бейбит Мекеевтің фейзбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл, әншейін, дінге қарсылардың құйтырқысы болуы да ықтимал. Десе де, қандай да бір экзотикалық реңкке боялғанда «адам құқығын қорғау» деген мәселе таңқаларлық сипатқа ие болады. Атап айтсақ, феминисттік және исламдық түрде көрініс тапса,.. Бәлкім, сіз айтарсыз, бұлар бір-бірін жоққа шығарып, кері тебетін ұғымдар ғой деп. Солай-ақ делік. Әй, бірақ, қайдам!?. Мұндай дүдәмал жайттарға түрткі болып, тіпті, тұтас роман жазып жүргендер де бар екен.

Мысалы, бангладештік Таслима Насрин ханым мұсылманшылықтағы ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығы жөніндегі мәселені жалаулата ұрандатам деп, басы бәлеге қалып отыр. Оның уәжіне қарасақ, «неге тек дұрыс жолдағы («Алла жолындағы» деп оқыңыз!) еркектер ғана ұжмақтағы хор қыздарының аялауынан үмітті болуы керек»? Ал, озық «Шығыс әйелдеріне» қара тәнді, («Мың бір түн» ертегілеріне сенсек, әйел заты қара нәсілді зәңгілерге аса құштар болатын көрінеді) қыз көрмеген алпамса жігіттерді бермеске»?! Құранға қайшы болуы мүмкін, есесіне замана ағысына толық жауап беретін жайт!.. Сіз олай деп ойламайсыз ба?

Осындай «қытықты» мәселені қозғап, «жатқан жыланның құйрығын басқан» бангладештік белгілі жазушы әйел Таслима Насрин дүйім жұртты дүр сілкіндірді",- дед автор өз жабасында.

 "Ислам идеяларынан нәр алып өскен, алайда, есейе келе атеизм мен феминизмнің улы шырынына бөккен бұл әйел мынадай сұрақтарға жауап іздеп (сірә, Құран-Кәрімді жөндеп оқымаған болса керек?!) әуреге түсіпті. Мысалы, оның төбеңнен мұздай су құйып жібергендей сезім туғызатын сұрақтары: «Неліктен Құранда тек қана дұрыс жолдағы еркектерге ғана ұжмақта хор қыздарының құшағында ләззаттануға уәде беріледі?», «Мұндай төзгісіз, тіпті, құқықты (әйелдердің) аяққа таптар әділетсіздік қайдан шықты?», «Нәзік жыныстылар «тоқалдан туып па?»» деген сипатта болып келеді.
 Өзінің ғаламтордағы блогында Насрин ханым: «Мұсылман әйелдер жер бетінде үржаңа, қыз етегін ашып көрмеген 72 жігітпен төсектес болуға хақылы», – деп жазыпты. Сонысымен бүкіл әлем мұсылмандарына айтып жеткізгісіз «бас ауруын» тауып беріпті. 

Анықтап айтсақ, имам Ат-Тирмизидің хадистер жинағында 72 әйел туралы сөз болады. Рас, онда шаһид болған еркектің иеленер марапаттарының қатарында тек әйелдер туралы ғана емес, сонымен қатар, оның күнәларының кешірілуі, «көр азабынан құтқарылуы, асыл тастармен безендірілген тәж киюі мен Алланың алдында өз туысқандары үшін өтініш жасай алу мүмкіншілігі» туралы да айтылады. Алайда, біздің талқыға ұсынбағымыз басқа. (Өйткені, мұндай ұсақ-түйек мәліметтер жетпіс екі (!) бірдей сұлудың нұрының көлеңкесінде қалып қояды ғой, ойбай-ау!).

Исламның қасиетті кітабын түсіндірушілер мен аударушылар асыл туындыда шын мәнінде мұндай ештеңе де меңзелмегенін түсіндіріп, мазасы кеткен қоғамды тыныштандыруға талай мәрте әрекет етіп көрген болатын. Басқаша айтқанда, қарақат көзді хор қыздары дегенде, бар болғаны, мұсылмандарға ішуге тыйым салынған шарап қана меңзелген, ал, шарап дегеніңіз жұмақта таусылмайтын бұлақ боп ағып жатады. Алайда, байқауымызша, исламға мойын ұсынғандардың қатарында, тұрақты маскүнемдерге қарағанда, әйелқұмарлар әлдеқайда көбірек сияқты ғой өзі (!!!). Сондықтан, алкогольдың «ішкенің – алдыңда, ішпегенің – артыңда» молдығы адамдардың жан түпкірінен қоштау таппаған сыңайы бар. Ал, уәде етілген хор қыздары кез келген еркектің жүрегін тербетуге қабілетті екендігі хақ. 


Аталған ұсыныс қаншалықты батыл болса, соншалықты даулы. Келісетін шығарсыз?! Сексопатолог дәрігерлердің айтуынша, әйелдің барлығы бірдей әлі күнәдан пәк, тәжірибесіз жігітпен болуды рахат деп санамайтыны белгілі, ал, мына «шашты» болса «тұтастай жетпіс екісін құшағыңа сал да, төсек ләззатын алып, көре бер!» дейді. Төмен етектілер өздері біліп, көздеріне елестете жатар: бақандай жетпіс екі тәжірибесіз бозбала! Ол аз болғандай, олардың көпшілігі әйел заты алдындағы еркек кіндіктіге тән қорқынышқа ие болса?.. Немесе күш-қуаты бұрқ-сарқ жас жігіттер несін қояды? Оған әлгіндей «намысқойлығы» ой жүгіртуге мұрша бермей тұрған Насрин ханым бас та қатырмайды. «Қарақат көз пәк қыздарды құштыру» уәдесі бұған қарағанда әлдеқайда еліктірерліктей-ау, шамасы. Десе де, есі бар әр еркек барып «томп» етіп түсе қалар жұмақ туралы армандай отырып, өздерінің «жұмыс ауқымын» да көз алдарына елестете алатын болар?! «Таяқтың екі басы бар» екендігі жөніндегі қазақтың мәтелін ол ханымымыз қайдан білсін-ау!

Жалпы, еркектердің өз мүмкіндіктерін асыра бағалауға әуес екені белгілі. Сондықтан, мұсылман қыздарын өздеріне «тиесілісімен» қамтамасыз етуге деген ұмтылыстары түсініксіз. «Осыншалықты (72!) күнәдан пәк бозбаланы қайдан табуға болады?» деген сауал да миды ашытады. Оның үстіне, жұмақтағы әр таң сайын пәктігі қалпына келтіріліп отыратын хор қызын риза етуге жұмсалар бел қуатын алар қайнар қайда, бұл да екібастан түсінікке сыймайды. Арулардың пәктіктері әр таң сайын қалпына келтіріледі дегенді айтқанда, еркектердің бел күшінің қалпына келтірілетіні туралы ештеңе айтылмайды. Олай болса, бұл еркектер үшін қаншалықты қуана қоярлықтай жайт болмаса, Насрин ханым үшін де оншалықты қызғана қоярлық жайт болмаса керек. Сіз не дейсіз?

(Жазба қысқартылып алынды)
 

Соңғы жаңалықтар