Әйелі күйеуімен бәстесіп оны өртеп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелі күйеуімен бәстесіп оны өртеп жіберді

Әйелі күйеуімен бәстесіп оны өртеп жіберді

Забайкалье аймағының тұрғыны өзімен бірге тұратын ер адаммен бәстесіп, оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Бұл оқиға Карым ауданының Дарасун кентінде орын алды.

  • 25 Желтоқсан 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz

Азаматтық некедегі әйел мен ер адам спирттік ішімдік ішіп, «жынды» судың буына әбден қызған екеуі әйелі күйеуін тірідей өртеп жібере ала ма деген мәселе төңірегінде сөзге келіп бәстесіп қалған. «Зардап шеккен ер адамның азаматтық некедегі әйелі күйеуінің үстіне канистрдегі бензинді шашып, жағып жіберген», — деп жазылған Ресейдің Забайкалье аймағы құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Бәстесуден ұтылған ер адам үшінші және төртінші деңгейдегі күйікпен ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысында ер адам азаматтық некедегі әйеліне ешқандай наразылығы жоқ екенін мәлімдеді.