Әйелінің опасыздығына шыдамаған Маңғыстау тұрғыны оны өртеп жіберіп, өзі асылып қалған
![]() |
Маңғыстау облысының тұрғыны әйелінің опасыздық жасағанын білген соң оның үстіне бензин құйып өртеп жіберген. |
Кейін өзі асылып қалған. Бұл туралы құқыққорғау органдарына сілтеме жасап Лада.кз хабарлайды.
Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет ауылында орын алған. 27 жастағы әйел өзінің азаматтық некедегі күйеуінің көзіне шөп салған. Оны біліп қойған 30 жастағы ер адам үй ішінде жанжал шығарады. Ашуға бой алдырған ол алдымен әйелін ұрып тастап, кейін бетіне бензин шашып өрт қойған.
Әйел есінен танып қалған. Сүйіктісі жан тапсырды деп ойлаған ер адам, қораға барып асылып қалған.
Беті мен мойнының 15 пайызын күйік шалған әйелді дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер оған ота жасады, қазір әйелдің өміріне еш қауіп жоқ. Өз-өзіне қол жұмсаған ер адам ата-анасы тұратын Теңге ауылына жерленді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін