"Әйелсіз өмір сүру мүмкін емес": 63 жастағы шымкенттік зейнеткер өзіне адал жар іздейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйелсіз өмір сүру мүмкін емес": 63 жастағы шымкенттік зейнеткер өзіне адал жар іздейді

"Әйелсіз өмір сүру мүмкін емес": 63 жастағы шымкенттік зейнеткер өзіне адал жар іздейді

Шымкенттік зейнеткер өзіне адал жар іздеп жүр. 63 жастағы қария "Құдай қосқан қосағының" ибалы да инабатты болғанын қалайды. Егер "ақылы көркіне сай" асыл жар табылатын болса, ақсақал қалған өмірін онымен бірге өткізуге дайын.

  • 19 Желтоқсан 2018
  • 126
Фото - Caravan.kz

Тіпті, осы арманын жүзеге асыру үшін  жуырда "Сені іздеймін!" атты танысу кешін ұйымдастырған. Оған қариядан бөлек, өмірлік серігін іздеген 30-ға тарта жалғызілікті жандар келіпті. Арасында жасы да, жасамысы да бар.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Пешенеге жазғанды Құдай неқылады екен ғой. Содан кейін мен де басталып, ойланып, көріп осы таңда".

"Армансыз адам-қанатсыз құспен тең" деген нақыл бекер айтылмаған екен дейсің, осындайда. Ата сақалы аузына түскен Жәдігер ақсақал да жалғыздықтан жабыққандықтан, 
жар іздеуге мәжбүр. "Тілегенім бұл емес еді, тағдырым осылай болды, сенімді серік іздеуге тура келді" дейді. Өйткені, Құдай қосқан қосағы осы жылдың жазында қайтыс болыпты. Дүниеге 4 ұл- қыз әкеліп, солардың барлығын жетілдіріп, енді өмірдің қызығын бірге көреміз бе деген тұста қайырымсыз ажал оғын қадаған. Содан бері қария перзенттерінің қолында жүр. 

"Оның жақсы мінездері, керемет, тамаша қасиеттерін бір арнаға сыйдыру қиын-ау деп ойлаймын" – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жәдігер Құлсариев.

"Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады" деген. Сондықтан, жұпсыз өмір сүру мүмкін емес. Жаратылыс заңы сондай. Осы қағиданы берік ұстанған Жәдігер ақсақал жуырда "Сені іздеймін!" атты жобаны іске асырды. Онда өмірден өз серігін таба алмай жүрген 30-ға тарта үміткер қатысыпты. 20 мен 70-тің аралығындағы жалғызілікті жандар бір-бірімен танысып, ортақ тіл табысса керек. Танысуға келгендердің көпшілігі келіншектер екен. 

Жеке өмірінің кейбір күндерін құпия ұстағысы келгендер кешті бейнекамераға түсіртуге рұқсат етпеді. Бірақ, Жәдігер қсақалдың бастамасынг құптап та, мақтап та жатты. Тіпті, хабарландырудан құлағдар болған біртоп әйел Шымкентке өзге өңірден аранйы келіпті. 

"Рахмет! Қолдаймын, шын пейіліммен қолдаймын" – дейді зейнеткер Болсын Рахмашев.


«Бұл жерде бойдақ шалдар көп, не істерін білмей жүр. Қастарында кемпірі жоқ. Кемпір мен шалды қосып жатса, құптай береміз ғой мұндай программаларды» — дейді зейнеткер Қалмырза Ахатов.

Жәдігер Смадиярұлы алғаш рет бұл бастаманы өткен ғасырдың 80-ші жылдары Ташкенте қолға алған екен. Ал ата жұртқа қоныс аударғаннан кейін күйбең тірлікпен жүріп, жандандыруға мұршасы болмаған екен. Жұбайы өмірден озған соң сол идеяны қайта қолға алуға тура келген. 
Дегенмен, жар таңдауға келгенде әліі де ойланып жүргенін айтады. Өйткені, әзірге ұл-қыздары келісімін бермепті. Егер перзенттері рұқсат етсе, өн бойына асыл қасиеттер тоғысқан жанмен қалған өмірін бірге өткізуге белін бекем буып отыр. 

Соңғы жаңалықтар