Ванька есімді бас кейіпкер қарапайым жұмысшы. Ол өзі қызмет қылатын бес жұлдызды қонақ үйге күнде келетін қалталы азаматтардың орнында болуды армандайды.Ал, өзі банктерге белшеден қарыз.
Осы қарызынан құтылу үшін бас кейіпкер өзін шаруа қожалығын басқаратын азаматтың ұлы ретінде таныстыруға мәжбүр болады. Әрі өтірік айтып, ақшаның орнына ірі жер телемін беруге уәде береді. Ал жалған сөзі әшкере болмасы үшін ол жол жөнекей түрлі әрекеттерге барады.
Осы кезде шағын қалашықтың басшысы Мәскеуден келуі тиіс тексеру комитетінің қызметкерлерін күтіп отырады. Ал, осыны пайдаланған Ванька енді өзін құзырлы орын қызметкері ретінде таныстырады. Содан кейін оның өмірі түбегейлі өзгереді. Комедия адамға жайдары көңіл-күй сыйлап, әрі қарай түрлі шытырман оқиғаларымен қызықтырып әкетеді. Фильмнің режиссері «Джентльмены, удачиді» түсірген Александр Баранов, ал продюссері Тимур Бекманбетов.
Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының өкілі:
-Фильм өте тамаша! Ішегіңіз түйілгенше күлесіз деп ойлаймын. Александр Баранов пен Тимур Бекманбетовтың бірігіп түсірген кинокартинасы міндетті түрде керемет болары сөзсіз.
Комедиялық туынды бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуде.Оны елімізге таратушы «Дисней», «Сони» және«Базелевс»-тіңресми дистрибьюторы — «Меломан» компаниясы.