Жарияланды: 11500

Әйгілі "Қарақатын Қолтықшаштың" бір күн ішінде адам танымастай өзгеруіне не себеп болды?!

Әйгілі "Қарақатын Қолтықшаштың" бір күн ішінде адам танымастай өзгеруіне не себеп болды?!

Өзінің тұрпайы қылықтарымен ТИК ТОК желісінде танымал Ұлы Дала Қатыны немесе Қарақатын Қолтықшаш "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өз өмірі туралы шындықты баяндаған болатын.

Өміріне өзгеріс керек деп тапқан мамандар бір күннің ішінде Қарақатын қолтықшаштан сұп-сұлу Гүлнарды жасап шығарды. Дизайнер, стилисттер бірігіп жұмыс жасап Гүлнарды адам танымастай қалыпқа өзгертті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Психологтың қабылауында болып, ішкі жан дүниесімен де бөлісті.

Психолог: "Жалпы Гүлнараның жас кезінен келе жатқан айтылмаған өзі қорқатын нәрсесі бар. Өте ұяң. Алайда ішкі жан дүниесі таза, өмірге деген құштарлығы зор. Алдағы уақытта жан дүниесін өзгертіп жақсы жаққа өзгеруге ұмтылатындағын айтты. Сәл болса да ішіндегі стресс, депрессияда арылды. Тағы да бірге жұмыс жасасақ бұйыртса бәрі жақсы болады."- деді.

Гүлнара (Қарақатын қолтықшаш): "Мені осынша жақсы қалыпқа келтіргендеріңіз үшін алғысым шексіз, барлық дизайндағы киімдер маған қатты ұнады. Өмірге деген көз-қарасымды өзгертіп, жақсы өмір сүруге тырысамын. Жақсы контент жасап, жақсы видео түсіріп алдағы уақытта бәрін өзгертуге тырысамын"- деп сөз берді.

Естеріңізге салсақ, кеше осы жайлы жазған болатынбыз.

Ал Тиктоктағы видеоларын осы жерден көре аласыздар:


Караван жаңалықтары - //kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін