"Айгүл, әкімдер үстіңнен арыздануда": Президент Тоқаев қабылдауында болған Айгүл Орынбекке айтқаны - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айгүл, әкімдер үстіңнен арыздануда": Президент Тоқаев қабылдауында болған Айгүл Орынбекке айтқаны

"Айгүл, әкімдер үстіңнен арыздануда": Президент Тоқаев қабылдауында болған Айгүл Орынбекке айтқаны

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына болған.  

  • 16 Қараша 2022
  • 1003
Фото - Caravan.kz


Заңгер фейсбуктегі парақшасында халықты әділетті жаңа Қазақстанды жұмыла құруға шақырды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

"Әділетті Қазақстанды тек бір адам орнатпайды!

Мен қоғамда әділеттілікті бүгін ғана талап етіп жүргенім жоқ, бұл — жылдар бойғы жүріп жатқан күрес!
Жатып алып:”үйтпейсің бе, бүйтпейсің бе” дейтіндерге айтарым, отыз жыл бойы қордаланған заңсыздықты, тамырын тереңге тартқан жемқорлықты — бір адам келіп, оны бір күнде жойып жіберуі мүмкін емес!
Әр өңірден, жер-жерден Еліміздің ертеңі үшін, Әділетті Қазақстан үшін жасқанбай күресуіміз керек!
Расында, “ескі жүйе” жылдар бойы халықты сауып келді, әрмен қарай да сауғысы келетіндер оңайлықпен берілмейді!
Жемқорлықсыз таза Ел болғымыз келсе — әділдік жолында жүргендерге жосықсыз кедергі келтірмей, оданда бізге жігер беріп, қатарымызға қосылыңыздар!
Жәй ғана көшеге тасталған қоқыстың өзі — тәртіп бұзу болып табылатынын әрбір адам жіті сезінуі керек!
Бәрін бір Президентке артып қойып, “Сен не үшін жүрсің, ол не үшін Президент?”,-деген құл-түсініктен арылсақ қана — өсеміз, өнеміз!
Әсіресе, ауыл-аймақтағы азаматтар белсенді болуы маңызды!
Біз мемлекетімізде құқықтық сауатты арттыру арқылы — өз құқығымызды қорғап қана қоймай, оны талап ете аламыз! Бастысы, Әділетті Қазақстанды құрамыз!
Президентіміз Қ.К.Тоқаев Қазақстандағы әділетсіздіктерді көрмей отырған жоқ емес, көріп отыр! Біліп отыр!
Жалғыз өзіне елдегі “қордаланған” және “қатпарланған” жемқорлықпен күресу — оңай емес!
Мен сияқты ауылдан шыққан қарапайым қазақтың қызын — осы мақсатта өзінің жанындағы Ұлттық сенім кеңесіне кіргізді деп ойлаймын!
Осы уақытқа дейін Президент атына менің үстімнен қаншама шенеуніктен арыз түсті! Тіпті өткенде барғанымда Президентіміз: “Айгүл, әкімдер үстіңнен арыздануда”, деп күлді.
Шынтуайтында, Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін менің қоғамдағы қаузап жүрген жайттарым мен көтеріп жүрген мәселелеріме шектеу қоймаған!
Қайта өз қылмыстары мен “былықтарының” беті ашылып қалуынан қорқып жүрген “шенділер” мен “шенеуніктер” жолымды кестестеп, маған кедергісін келтіріп жатыр!
Себебі, мен олардан миллиондарға тендер алып, оны заңсыз жолмен “игеріп” отырғаным жоқ! “Шәй-майларын” алып, негізсіз мақтап-мадақтау да — мен үшін жат, жиіркенішті!
Арым да, наным да — адал! Халық мені сол үшін де жақын тартса керек…
Үйде жатып алып, көлгірсу — бәріміздің қолымыздан келеді, ал іспен көрсетіп, анығы сол жолда күресу — екінің бірінің қолынан келе бермейді!
Әділетті Қазақстан құру жолындағы күрескер азаматша ретінде айтарым, сөзден — іске көшетін уақыт жетті!
Әділетті Қазақстанды “ескі жүйеге”байланған жемқорлардан тазарту арқылы бірге құрайық!
Қасым-Жомарт Кемелұлына әділдік үшін күрес жолында қолдау білдірейік!", деп жазды.  

Соңғы жаңалықтар