Айгүл Иманбаева Ұлыбританияға оқуға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Иманбаева Ұлыбританияға оқуға түсті

Айгүл Иманбаева Ұлыбританияға оқуға түсті

Танымал әнші Айгүл Иманбаева Лондонға оқуға түскенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

  • 2 Ақпан 2023
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

“Достар, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады! Мен “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбритания еліне, Лондон қаласына оқуға түстім. Бүгін сол жаңалығыммен “Өмір көркем”бағдарламасында бөлістім. Тілекші болған жандардың да бар арманы орындалсын”, – деп жазды ол.

Әншінің оқырмандары оның қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.


“Құтты болсын”, “Алла зейініңді ашсын”, “Сәттілік серігіңіз болсын, Айекем”, “Керемет! Мерейіңіз үстем болсы!”, “Сәттілік тілейміз оқуда! Жұғысты болсын”, “Жарайсың”, – деп жылы лебіздерін білдірді желі қолданушылары.