Аймақтарда шенеуніктер құрылысқа бөлінген қаржыны мүлдем игере алмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аймақтарда шенеуніктер құрылысқа бөлінген қаржыны мүлдем игере алмаған

Аймақтарда шенеуніктер құрылысқа бөлінген қаржыны мүлдем игере алмаған

Ал керісінше аймақтық атқамінерлер тұрғын үй құрылысына деп бөлінген қыруар қаржыны игере алмай жатыр. Шенділердің салақтығынан енді мыңдаған адам баспанасыз далада қаңғып қалмақ.

  • 10 Тамыз 2013
  • 381
Фото - Caravan.kz

Қаржыны иегер алмағандардың «қара тізімін» Ақмола мен  Маңғыстау облысы бастап тұр. Бұл өңірдің басшылары жыл басынан бері  құрылыстың жобасы мен жалпы шығыны туралы есепті де өткізбепті. Қостанай облысында да мемлекеттік байқаудың өту тәртібіне қаржы полициясы шүйлігіп, салдарынан жалға беріледі деп жоспарланған  үйлердің құрылысы әлі күнге дейін тұралап тұр. Ал, Жамбыл облысындағы құрылыс алаңына мердігер мекеме тұрақтамайды екен. Өйткені, аталған аймақта құрылыс компанияларына төленетін ақы тым аз көрінеді. Енді жергілікті шенеуніктердің селқос қимылдауынан қазынаның қыруар қаржысы желге ұшпақ. Ең сорақысы, далада қаңғып жүрген мыңдаған қазаққа деп жоспарланған баспаналардың биыл іргетасы да қаланбаған.  


Қайырбек Өскенбаев, Өңірлік даму министрлігінің вице-министрі:

— Биыл бюджеттен жалдамалы пәтерлердің құрылысына деп 27 миллиардтан астам теңге бөлінген. Оның 12 миллиардтан астамы аймақтардың үлесінде.  Ал, «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» арқылы несиеге берілетін  баспаналарға деп өңірлерге 30 миллиард теңге қарастырылған. Өкінішке қарай,  бірқатар облыстар мемлекет  қаржысын  тиімді игере алмай отыр. Бүгінге дейін жоспардың 18 пайызы ғана орындалған.