«Аймақтарды дамыту бағдарламасының жобасына қазіргі мына бағдарламалар кірді – «Қолжетімді тұрғын үй 2020», тұрғын үй коммуналдық кешенді жаңғырту, «Ақбұлақ», 2012-1020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту және аймақтарды адмыту», — деп Аймақтық даму министрі Болат Жәмішев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Сонымен қатар, бірыңғай мемлекеттік бағдарлама жобасында шағын қалаларды және шекаралас ацмақтарды дамыту шаралары қаралған.
«Біртұтас бағдарлама әзірлеу қажеттігі бес бағдарлама мен осыған қоса шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасы бірқатар өзара түйісетін көрсеткіштерді қамтуымен байланысты. Бұл бағдарламалардың барлығы инженерлік коммуникациялар жүйесін дамытумен байланысты мәселелерден тұратындықтан бұл мәселелерді бір бағдарламаға жүйелеу қажет болды», — дейді ол.
Бағдарлама жобасынан "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасында қамтылған бизнесті қолдауға байланысты шаралар алып тасталды.
«Бұл біртұтас бағдарламаны әзірлеудің мақсаты экономикалық өсім орталықтарын дамытуды қолдау, тұрғындар үшін өмірлік қажетті жағдайлар құру арқылы қолдау, бизнес пен тұрғындар үшін тиісті инженерлік инфрақұрылым құру арқылы қолдау болып табылатын жаңа басымдықтарды айқындау қажеттілігі болды», дейді министр.
Бағдарлама жобасына сәйкес, Қазақстанда 2020 жылға қарай 45 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум нысандарының үдесі 35%-ға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның ескіруі – 25%-ға қысқарады. Орталықтандырылған сумен қамту қалаларда — 97%, ауылды жерлерде – 75% қамтамасыз етіледі, орталықтандырылған суаққыға қол жеткізу қалаларда – 97%, ауылды жерлерде – 18% қамтамасыз етіледі.