"Әкені таңдап алу бақыты бұйырып, әкемнің дәл осындай боларын білгенде, ойланбастан әкесіз өмірді таңдар едім" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкені таңдап алу бақыты бұйырып, әкемнің дәл осындай боларын білгенде, ойланбастан әкесіз өмірді таңдар едім"

"Әкені таңдап алу бақыты бұйырып, әкемнің дәл осындай боларын білгенде, ойланбастан әкесіз өмірді таңдар едім"

Әкесінің теріс қылықтарынан шаршаған ару сырымен бөлісті.

  • 28 Наурыз 2019
  • 418
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Алаш айнасы" хабарлайды.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Мен ішкі сырымды, өкпе-,назымды біреуге айтып ақтарылғым келеді. Сондықтан осында жазып отырмын.

Тұрмыстамын. Аллаға шүкір, отбасылық өмірім, ата-енем, куйеуім, кайын әпкелерім өте керемет жандар. Айтпағым өз әкем жайлы. Жасы 50-ге келсе де 5 жасар баланың тірлігін жасайды. Өзін үнемі кемсітіп "кедейміз, кедейміз түк жоқ, ақша жоқ" дегеннен басқаны білмейді. Қазір 2 жыл болды жұмыссыз. Өздігінен ақша тауып еңбектену жоқ. Байғұс анама обал.

Үйге сағынып барсақ әкем әдейі жаман ескі-құсқы киімдерін киіп алып мүсәпір, бейшара адамға ұқсап отырады. Бүкіл жоқ-жітігін түгелдей алатын тыққан ақшасы да бар( көргенбіз анам екеуіміз) бірақ өзіне де, өзгеге де  қимайды. Ауруханаға баратын болса жаяу барады, ол құрғыр жақында емес қой…

Біздің үйде 4 қыз 1 ұл. Төртеуміз тұрмыстамыз, үйде інім ғана бар, ол да әкеден көрген тәрбиемен өсеме деген қорқыныш бар.

Анам құрылыста қара жұмыс жасайды. Ал әкем еркек бола тұрып қатын секілді уйде жататынына қатты қынжылам. Ең болмаса мамама тыныштық берсе екен. Мама жұмыс істеп шаршап келсе үнемі сөйлеп отырады.

Анам тауып келген ақшасын түгелдей акеме береді сонда да жақпайды. Ертеңіне жұмысқа барайын жолақы бер десе жұмыс істеп келдің ғой соны ал дейді.


Жұмыс деген күнде бола бермейді, әсіресе қыс мезгілінде, сол кезде жұмыс істемейсің ба деп мамама ұрсып отырады.

Мен оны әкем деуге арланамын. Үйге барған сайын тамағыма ащы өксік тығылып қайтамын. Егер анам үйде болмағанда мен тіпті бармас та едім.

Аллам әкеме аз да болса иман, ұят, ар, намыс берсе екен.

Армансыз адам жоқ қой. Мен де армандаймын. Бірақ менің арманым елдің арманы секілді жақсы емес. Нақты айтқанда,  кей кездері әкем өліп қалса екен деп армандаймын.

Рас мүмкін әкем болмағанда "әкем болғанда ғой" деп армандар ма едім? Бірақ та әкені таңдап алу бақыты бұйырып, әкемнің дәл осындай боларын білгенде, ойланбастан әкесіз өмірді таңдар едім!

Рахмет, жеңілдеп қалдым.

Сөге көрмеңіздер…

 

Соңғы жаңалықтар