"Әкесінің басына құран оқуға барған": Талғарда тағы бір адамды тапа тал түсте пышақтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.91
  • 544.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкесінің басына құран оқуға барған": Талғарда тағы бір адамды тапа тал түсте пышақтап кетті

"Әкесінің басына құран оқуға барған": Талғарда тағы бір адамды тапа тал түсте пышақтап кетті

Алматы облысы Талғар ауданындағы Нұра ауылында қайғылы оқиға орын алды.

  • 12 Мамыр
  • 4
Фото: ҚР ІІМ

Жанжал салдарынан 24 жастағы жергілікті тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оқиға 11 мамыр күні болған. Жас жігіт інісімен бірге түнде 10 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің басына Құран оқуға зиратқа барған.

Қайтар жолда олардың көлігінің жолын ішінде үш ер адам отырған басқа автокөлік бөгеген. Туыстарының айтуынша, көліктің есігін жауып қоюды сұрағаннан кейін екі тарап арасында сөзге келу туындаған. Себебі ашық тұрған есік жолға кедергі жасаған.

Ағайындылар жанжалды ушықтырмай, әрі қарай кетіп қалған. Алайда марқұмның жақындарының сөзінше, әлгі үш ер адам олардың соңынан ерген. Үйінің маңында күдіктілердің бірі үлкен ағасына шабуыл жасап, өкпе тұсына екі рет пышақ сұққан.

24 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмды. Марқұмның артында екі кішкентай қызы қалды.

Полиция қылмыс фактісін растады. Хабарлама түскеннен кейін барлық полиция жасағы көтеріліп, блок-бекеттер қойылған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде сол ауылдың үш тұрғыны ұсталған.

Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілердің барлығы уақы