Әкесінің бұтында шалбар жоқ, қызының іш киімі шешілген: Туған әкесі 4 жасар қызын зорлмақшы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкесінің бұтында шалбар жоқ, қызының іш киімі шешілген: Туған әкесі 4 жасар қызын зорлмақшы болды

Әкесінің бұтында шалбар жоқ, қызының іш киімі шешілген: Туған әкесі 4 жасар қызын зорлмақшы болды

Жаға ұстатарлық оқиға!  

  • 8 Желтоқсан 2020
  • 3574
Фото - Caravan.kz


Көпбалалы ана төрт жастағы қызын зорлағалы жатқан жерінен күйеуін ұстап алды.  

Бүлдіршіннің анасы баласының денесінен соққының ізін байқап, алғашында  құқық қорғаушыларға сәуір айында жүгініпті. Кішкентай қыз өзін әкесінің ұрып-соққанын айтыпты. Нәтижесінде, қол көтерген еркекке 30 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, іс тоқтатылған екен. Осы оқиғадан кейін ерлі-зайыптылар ажырасып, екі айдан кейін қайта татуласқан. Алайда ішімдікке салынған безбүйрек әке қол көтергеннен де қорқынышты әрекетке барған.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  

 ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ: "Сол күні ол үйге мас келді. Қызымызды бөлек бөлмеге алып кетіп, қалған балаларға жарықты өшіріп, бөлмеге кірмеңдер деп ескертіпті. Мен ол кезде екі айлық баламен бірге асүйде ыдыс жуып жатқанмын. Үлкен ұлымнан қарындасың қайда деп сұрадым. Ол маған әкем алып кетті, ешкімнің кірмеуін талап етті дегеннен кейін дереу жатын бөлмеге жүгірдім.  Сол кезде күйеуімнің бұтында шалбары жоқ, қызымның да іш киімі шешілгенін көргеннен кейін төбе шашым тік тұрды. Бірден полицейлерге хабарластым, жұбайым қашып кетпес үшін есікті құлыптап қойдым".

Қазір педофил әке қамауға алынып, тиісті сараптамалар жүргізілуде. Ал азап пен қорлық көрген отбасы психолог мамандармен жұмыс жасауда.  

Соңғы жаңалықтар