— Барлығы Келдібековты жемқор деп айыптайды. Бірақ бұл жала. Бірақ «ҚырғызГазды» 1 долларға сату, бұл енді барып тұрған сұмдық.
Ереуілшілер Ош қаласының басты алаңында наразылық білдіруде. Талаптары — Қырғыз парламентінің бұрынғы спикері Ахметбек Келдібековты бостандыққа шығару. Депутат экономикалық қылмысқа барды деген айыппен ұсталған болатын. Наразы топ билікке 3 күн ғана уақыт беріп отыр. Осы мерзім ішінде талаптары орындалмаса Оштағы ресми уәкілді қызметінен қуып орнына «халықтық губернаторды» отырғызбақ. Тіпті бүгін оппозиция жақтастары облыстық әкімшілікті басып алуға 3 рет әрекет жасаған. Қазір аймаққа қосымша күш тартылып қауіпсіздік шаралары күшейтілуде.