Әкім пиджагын бес теңгеге сұраған наразы тұрғындарға бермей қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкім пиджагын бес теңгеге сұраған наразы тұрғындарға бермей қойды

Әкім пиджагын бес теңгеге сұраған наразы тұрғындарға бермей қойды

Алматының Жансүгіров көшесіндегі тұрғындар жол айырығын салу үшін сүрілгелі жатқан үйлеріне болмашы ғана өтемақы берілетініне наразылық білдірген еді. Ашынған олар Жетісу ауданының әкімі Талғат Разақовқа өз пиджагын сату туралы ұсыныс айтты. Бірақ әкім бұған келіскен жоқ.

  • 5 Мамыр 2017
  • 5465
Фото - Caravan.kz


Разақов наразы тұрғындарды тыңдауға келген екен, деп жазады Caravan.kz. Ал жұрт айтарын бүй деп айтып қалды:

"Бізге ешкім жөндеп жауап бермей жатыр. "Сотқа барыңдар" дейді. Ал адвокатқа ақша қайда? Сот шығынын кім төлейді? "Бұл – өз шаруаларың" дейді. Жоқ, бұлай болмайды. Бұл – сіздердің шаруаларыңыз. Жол айырығының мемлекетке де, қалалықтарға да керек екенін түсінеміз. Бірақ тиын-тебен ұстата салмай, дұрыс өтемақы төлесеңіздерші. Мына өзіңіз үстіңіздегі пиджагыңызды бізге бес теңгеге беріңізші. Бергіңіз келмей ме? Ал онда біз неге өз үйімізді болмашы ақшаға беруіміз керек?!"