Әкім Қарағанды облысының жабылатыны туралы қауесетке жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкім Қарағанды облысының жабылатыны туралы қауесетке жауап берді

Әкім Қарағанды облысының жабылатыны туралы қауесетке жауап берді

Әлеуметтік желіде 9 қарашадан бастап Қарағанды облысында блок бекеттер қойылып, карантин күшейетіні жайлы тараған ақпарат – жалған. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

  • 9 Қараша 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде 9 қарашадан бастап Қарағанды облысында қосымша карантиндік шаралар қабылданатыны туралы ақпарат тарады. Онда бірқатар ірі қала жабылып, блок бекеттер қойылып, адамдар ПТР-анықтамасыз кіргізілмейтіні жайлы айтылған.

Өңір басшысы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

"Облыстың барлық тұрғыны мен қонақтарына айтарым: бұл фейк, мүлдем шындыққа жанаспайды. Мұндай шаралар 9 қарашадан да, басқа күндері де жоспарланып отырған жоқ. Сол себепті облыста қолға алынған шаралар қазіргі эпидемиологиялық жағдай үшін жеткілікті екенін тағы бір мәрте айтқым келеді", — деді Қасымбек онлайн брифингте.

Сондай-ақ, ол облыс аумағынан шығарда және кірерде қазақстандықтардан ПТР-анықтамасы сұралмайтынын атап өтті.