Әкімдердің қатысуымен өткен жиында айтылған мәселелер (толық мәтін) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімдердің қатысуымен өткен жиында айтылған мәселелер (толық мәтін)

Әкімдердің қатысуымен өткен жиында айтылған мәселелер (толық мәтін)

Жастардың білім алуына барынша жайлы жағдай жасау қажет.

  • 28 Қараша 2012
  • 725
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық әкімдерге жастардың білім алуына барынша жайлы жағдай жасауды тапсырды.

«Бүгінде республика бойынша жатақханамен қамтамасыз ету шамамен 70 пайызды құрайды. Келесі жылдың соңына дейін 6 мыңнан астам студент жаңа жатахқаналардан орын алады. 2014 жылы 50 мың орынға арналған тағы 80 жатақхананың құрылысы жоспарланған. Оның 10 мыңы Астанада және 20 мыңы — Алматыда. Мемлекет басшысы біздің жастарымыздың білім алуы үшін барлық жайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті», — деді ол.

Д.Абаевтың атап өтуінше, сонымен қатар Мемлекет басшысы жастарға отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру мәселесіне назар аудартып, әкімдерге жастарды белсенді қолдауды тапсырды. Өйткені жастарды жұмысқа орналасу мәселесі ерекше толғандырады. Ал онымен ешкім айналысып отырған жоқ.
Қарапайым адами сұраныс жоғары экономикалық көрсеткіштер сияқты маңызды.
Қарапайым адами сұраныс жоғары экономикалық көрсеткіштер сияқты маңызды. Бұл туралы бүгін Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен жиынның қорытындысына орай ұйымдастырылған брифингте ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлім етті.

«Президент тағы бір мәрте барлық мемлекеттік органдар жұмысының негізі қарапайым адами сұранысқа тиесілі болуы керектігін атап өтті. Қауіпсіздік, жұмыс, жайлы баспана, отбасыдағы жеткілік, балалар үшін білім, денсаулық, демалыс. Мемлекет басшысы бұлар да жоғары экономикалық көрсеткіштер сияқты маңызды екендігін атап өтті», — деді Д.Абаев.

Елбасы өңірлердің жергілікті мерекелер мен мерейтойларды өткізуді тыймай отырғандығын сынады.

«Мемлекет басшысы өңірлердің жергілікті мерекелер мен мерейтойларды өткізуден шаршамай отырғандығын атап өтті. Біздің Тәуелсіздігімізге — 21 жыл, ал бірқатар өңірлер облыстың, тіпті аудандардың құрылуының 60, 80 жылдығын атап өтеді», — деді баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.

Өңірлер бір облыстың жылдық бюджетіне пара-пар қаржыны игере алмай отыр.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлім етті.

«Келімбетовке қаржыны игеру бойынша қатаң шаралар қабылдау әрі тексеру тапсырылды», — деді ол.

ҚР Президенті баспасөз хатшысының алға тартқан деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша өңірлер бюджеттен бөлінген 143 млрд. теңге қаржыны игермеген. «Мемлекет басшысы мұның бір облыстың жылдық бюджеті екендігін айтты», — деді Д.Абаев.

Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне сөгіс жариялады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыруда қателіктерге жол берген Солтүстік Қазақстан облысы басшысы Серік Біләловке сөгіс жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлім етті.
«Ауыз су бағдарламасы бойынша мемлекет басшысы СҚО әкімі Біләловке сөгіс жариялады», — деді ол Астанада өткен брифингте.
Назарбаев жер қойнауын пайдалануға лицензия беруге енгізілген мораторий алып тасталуы тиіс екенін айтады.
«Мен жер қойнауын пайдалануға белгілеген мораторийді алып тастау керек», — деп Н.Назарбаев бүгін Астанада барлық деңгей әкімдерім ен өткен кеңесте атап көрсетті.
Елбасы Бас прокуратураға мемлекеттік органдарды қисынсыз тексеру мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы бүгін аталған кеңестің қорытындысы бойынша брифингте ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев айтты.

Президент шағын және орта бизнесті тексерулер жүйелі түрде қысқарғанын атап өтті. Алайда, тексерулер енді жергілікті мемлекеттік органдардың маңайында шоғырланғандығын сынға алды. Осы орайда Н. Назарбаев ҚР Бас прокуратурасына биылғы жылдың соңына дейін мемлекеттік органдарды жөнсіз тексеру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев соңғы кезде тексерулер көлемі қысқармай отырғандығын, керісінше, артып келе жатқандығын айтқан болатын. Осы орайда ол, бұл тұрғыда тиісті тәртіп керектігін сұрады.

Ұстаз білім берумен, дәрігер емдеумен айналысуы керек.

«Егер де ұстаз жұмысының үштен бір уақытын қағаз толтыруға жұмсайтын болса, онда қандай сапа туралы айтуға болады. Мұндай ахуал дәрігерлерде де қалыптасқан»,-деді Елбасы.

Мемлекет басшысының алға тартқан деректеріне қарағанда, тек Білім және ғылым министрлігінің бір департаментіне ғана өңірлер есеп-қисаптың 300 түрін толтырады екен. Ал, бір облыстың мектептері мен бала-бақшаларын осы есеп-қисап бойынша дайындау үшін 100 мың құжат қажет.

«Міне, жұмыстарыңның барлығы осы. Қағаз жазып отырасыздар. Жұмыс жоқ. Мұғалімдер оқытудың орнына қағаз жазады. Дәрігерлер емдеудің орнына қағаз толтырады»,-деді.

ҚР Президентінің атап өтуінше, аталған құжаттарды дайындауға біржарым, екі ай уақыт кетеді.

Тоқмейілсімей, жүктелген жауапкершілікті тиісті деңгейде атқару керек, деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Сын айтылып жатады. Және айтылуы да тиіс. Алайда, біздің жетістіктеріміз бен табыстарымыз ешқандай дау тудырмайды деп білемін. Бірақ та солай екен деп тоқмейілсуге болмайды. Біздің мойнымызда елдің тағдыры мен халықтың әл-ауқаты үшін зор тарихи жауапкершілік бар екенін білесіздер»,-деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы егерде елімізге келетін импорт басым болса, облыстарда индустрияландыру дамымайтындығын ескертіп өтті.

«Бұл баршаларыңызға қатысты. Осы мәселе қатаң бақылауда болуы керек»,-деп қадап айтты Н. Назарбаев.

Бұл тұрғыда Елбасы еліміздің тауарлары бәсекеге қабілетті болмауы салдарынан Қазақстанның экспорттық әлеуеті дамымай, тек тауарларды сатып алу арқылы еліміздің кәсіпорындары тоқтап қалуы мүмкін екендігін қатаң ескертті.

Сөз соңында Президент елімізге барша әлеммен бәсекелес болуға тура келетінін, сондықтан тауардың бәсекеге қабілеттілігі қатаң бақылауда болуы тиістігін қадап айтты.Қатардағы полиция қызметкерлерінің жалақысы барынша көтеріледі.

Кезектен тыс аттестациялаудан кейін олардан қайтарым күтуіміз қажет. Біз қазір аттестациялау қорытындысын шығарып, жариялаймыз. Және қатардағы полицейлер мен басқа да қызметкерлердің жалақысын барынша көтереміз»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, осыдан кейін әкімдер құқыққорғау органдарының жұмыс сапасын қалай арттыру керектігін қарастырулары керек. Жалпы, Мемлекет басшысының алға тартқан деректеріне сәйкес, құқыққорғау органдарында өткізілген кезектен тыс аттестаттау нәтижесінде 900 адам жұмыстан босатылып, 400 адам басқа қызметке ауыстырылды, лауазымдары төмендетілді. 250 адам өз еркімен жұмыстан шыққан.

«Осылайша, 25 пайыз адам жұмыстан кетті. Кейбір облыстарда, мәселен, Маңғыстауда ІІД қызметкерлерінің 35 пайызы ауысты»,-деп атап өткен ҚР Президентінің сөзіне қарағанда, кейбір облыстарда Қаржы полициясының ауысуы бұл көрсеткіштен де жоғары болған.
Әкімдер рейтингіне «жұмыспен қамту» көрсеткішін қосу қажет.

«Шынайы жұмыс орны әкімдердің, Үкіметтің барлық бағдарламалардың жұмысының нақты көрсеткіші болып табылатындығын баса айтқым келеді»,-деді Елбасы.

Осы ретте Мемлекет басшысы елімізде қолға алынып отырған Индустрияландыру, Жұмыспен қамту, орта және шағын бизнесті дамыту сынды бағдарламалар кез келген мамандық иесіне жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Яғни, елімізде жұмыс орны жетерлік. Бірақ, сәйкес біліктілік жоқ. Сондықтан да Президент Әкімшілігіне осы көрсеткішті әкімдер рейтингіне қосуды тапсырамын»,-деді Н. Назарбаев.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тексерулерге қатысты мәселені реттеу керектігін сұрады.

«Соңғы кезде тексерулер көлемі қысқармай отыр, керісінше, артып келеді. Негізінен бюджеттік мекемелер, мектептер, ауруханалар, балабақшалар тексерілуде. Біз бұл тұрғыда тиісті тәртіп керектігін айтып отырмыз»,-деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Елбасы бұған дейін ведомстволар мен бизнес тексерілгендігін, енді мұндай тексерістерге әкімдіктер қамтылғанын сынға алды. Осы орайда Президент бұл тексерістерге байланысты тиісті шешім шығару керектігін қадап айтты.

Бұдан бөлек, Б. Сапарбаев соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында тексерілмеген, шындыққа сәйкес келмейтін фактілер жарияланатынын ескеріп өтті. Оның пайымдауынша, бұл кейіннен халықты толғандырып, қажет емес қауесеттер басталатындығын сөз етті.


Жауапты хатшылар мемлекеттік тілді меңгерген болуы тиіс.

«Жауапты хатшылар өңірлерде жұмыс істеу тәжірибесіне ие әрі мемлекеттік тілді меңгерген болуы керек. Сонымен қатар олар өздері жұмыс істейтін саланы білулері қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің облыстық, орталық мемлекеттік органдарда жұмыс өтілі болуы қажеттігін баса айтқан ҚР Президенті: «Біздерде әлі жарты жыл уақыт бар»,- деді.

Сондай-ақ, өз сөзінде мансап жолында сатылап көтерілу керектігін бірнеше мәрте ескерткенін баса айтқан Елбасы: «Жаңа әкім, жаңа министр келіп, барлығын сапырылыстырып өзгертеді. Содан кейін жаңа адамдар келеді. Ертең сайлау болғанда басқа басшы келіп, содан кейін тағы да өзгерістер болады. Дүниежүзінде мұндай тәртіп жоқ. Аппарат жұмыс істеуі керек. Сайлау мен саясатпен шұғылданатындар отыруы қажет. Сонда ғана тұрақтылық болады»,-деді.

«А» корпусына кадрлық резервті іріктеумен айналысатын Ұлттық комиссия құрылады.

«Президент жанынан кадрлық резервті іріктеумен айналысатын Ұлттық комиссия құрылады»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасының атап өтуінше, жаңа корпус қандайда бір ерекше элита емес. Онда халыққа қызмет ететін, әрі оның мүддесін қорғайтын мемлекеттік қызметшілер болады.

«Ескертемін, іріктеу барынша қатаң, ашық тек кәсіби іскерлік сапасына байланысты жүргізіледі»,-деді ҚР Президенті.

Қазақстанда саяси мемлекеттік қызметшілер саны 8 есеге қысқарады.

«Мемлекеттік қызметтің тиімділігі түбегейлі арттырылатын болады. Бұл тікелей сіздерге қатысты»,-деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Осы орайда кәсіби басқарушылардың корпусы қалыптастырылатынын баса айтқан ҚР Президенті: «Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны 8 есеге қысқарады және мемлекеттік органдардың басшысымен оның орынбасарлары ғана қалады»,-деді.

Бұл ретте Елбасы министрдің, жауапты хатшының, әкімнің, аппарат жетекшісінің өкілеті нақты шектелетіндігін баса айтты. «Министрлер мен әкімдер кадрлық мәселелермен және орталықтан алынатын қаржыны бөлумен айналыспай, салалық саясат пен өңірді дамыту мәселелерімен нақты айналысуы керек»,-деді Н. Назарбаев.
EXPO-ға арнап салынған нысандар кейіннен зертхана, ғылыми парк болады.
EXPO-2017 Қазақстанның әр өңіріне пайда келтіретін мегажоба болуы тиіс.

Бұл мемлекеттің инновациялық дамуына қарқынды серпін береді. «Қазақстанның кезекті жетістігі Астанда EXPO халықаралық көрмесін өткізумен байланысты екеніне тоқталған Президент: «Бұл халықаралық тұрғыда тәуелсіздік жылдары Қазастанның жеткен ең жоғары жетістіктерінің бірі. Осы ұйымға 161 мемлекет мүше болып табылады. Олардың барлығы Қазақстанды талқылады. Бұл елдер осындай көрмені өткізуге Астананы саналы түрде таңдады. Біріншіден, олардың мойындау фактісі өте маңызды. Екіншіден, 100-ден астам ел өздерінің павильондарын салу үшін елордаға келеді. Ал, үшіншіден, мұның барлығы жаңа технологиялар»,-деді.

Мемлекет басшысы EXPO -ға арнап салынған нысандар кейіннен зертхана, ғылыми парк болатынын жеткізді. «Алдағы 5 жылда барша әлем Қазақстан жайында айтатын болады. Көрмені өткізу — біздің еліміз үшін маңызды шара болмақ»,-деп түйді Елбасы.
Жер қойнауындағы байлықтарды пайдалануға мораторийді алып тастау керек.

Жер қойнауындағы байлықтарды пайдалануға мораторийді алып тастау керек.

Бұл туралы ҚР Президенті Н.Назарбаев бүгін Астанада барлық деңгейдегі әкімдермен өткізіп жатқан кеңейтілген мәжілісте айтты, деп жазылды Ақорданың Твиттердегі парақшасында.
Мемлекет басшысы Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту туралы тұжырымдамаға қол қойды.

«Бұған дейін жергілікті өзін өзі басқару формасы тежегіште тұрды. Облыс әкімдері бюджеттерді ауылдық деңгейге бермеді», — деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте.

«Бүгін мен Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту Тұжырымдасамасына қол қойдым», — деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы өңірлерге триллиондаған ақшалар бөлініп жатқанына қарамастан, қызмет көрсетудің бұрынғы — төмен деңгейіне наразылығын білдірді.

«Біз өңірлерге триллиондаған теңге бөлудеміз, бюджеттегілердің еңбекақысын арттырудамыз, мектептер, балабақшалар, ауруханалар салудамыз.

Ал қызмет көрсету деңгейі бұрынғыдай төмен күйінде қалуда», -деп атап өтті Елбасы Н.Назарбаев бүгін Астанада барлық деңгейдегі әкімдермен өткізіп жатқан кеңейтілген мәжілісте.

Қазақстандағы жетістіктер мемлекеттің дұрыс саясаты мен бекем бірліктің нәтижесі деп білемін.
«Біздің алдымызда шешімін күтіп тұрған өте маңызды үлкен мәселелер бар. Еліміздің, халқымыздың ендігі тағдыры біздің таңдаған жолға байланысты. Әлемде не болып жатқанын өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Көптеген мемлекеттерде экономикалық дағдарыстан зардап шегу салдарынан наразылық білідіріп жатқан халықтарды көріп отырмыз»,-деп ескеріп өтті Президент.

Осы орайда Елбасы ең мықты деген мемлекеттердің өзі дағдарыс салдарынан үлкен қиыншылыққа ұшырап жатқандығын еске салды. «Ал, біз қиындықтарға қарамастан халықтың тұрмысын үнемі көтеріп келеміз. Экономиканың жылдық өсімі соңғы үш жылда орташа 5 пайыздан асып түсті. Мына заманда бұл ең жоғары көрсеткіш болып саналады. Жақында Парижге барғанда біздің осындай көрсеткіштерді айтқан кезде, барлығы бұл өте жоғары көрсеткіш екенін атап өтті»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде елімізде 550-ден астам индустриялық нысан іске қосылып, 100 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылғанын, халықтың жан басына шаққандағы орташа нақты кірісі 4,1 есеге өскенін жеткізді.

«Мұндай табысқа қол жеткізген елдер қазір әлемде көп емес. Осының барлығы мемлекеттің дұрыс саясаты, халқымыздың еңбекқорлығы, бекем бірлігінің, мемлекететтік қызметкерлердің жүйелі жұмысының нәтижесі деп білемін»,-деп түйді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, мәжіліске әкімдер, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен құқық органдарының басшылары қатысуда.
«Мемлекеттік қызметтің тиімділігі түбегейлі арттырылып, саяси мемлекеттік қызметкерлердің саны 8 есе қысқарады», — деп атап өтті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Менің «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заң жобасын Парламентке енгізу туралы тапсырмам әлі күнге дейін орындалған жоқ.

Соңғы мерзім — екі апта беремін», — деп атап өтті Елбасы Н.Назарбаев бүгін Астанада барлық деңгейдегі әкімдермен өткізіп жатқан кеңейтілген мәжілісте.

«Президенттің бизнесті қорғауы» атты менің сайттағы бөліміме шенеуніктердің сөзбұйдалығы мен енжарлығы туралы мыңдаған шағым келіп түсуде»,

— деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.