Әкімдік Түркістанға туристердің келмей кетуіне пандемияны кінәләді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімдік Түркістанға туристердің келмей кетуіне пандемияны кінәләді

Әкімдік Түркістанға туристердің келмей кетуіне пандемияны кінәләді

Еліміздегі пандемияның салдары туристердің Түркістан облысына деген қызығушылығын төмендеткен. Бұл жөнінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Рашид Аюпов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 2 Қараша 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

"Мүмкін бұл жерде пандемия әсер еткен болар, себебі күтпеген уақытта күтпеген жерден келді. Егер сіздер наурызда, сәуірде немесе мамыр айларында Түркістанда болғандарыңызда түсінетін едіңіздер.
Әрқашан киелі шаһарға келушілердің ең жоғарғы шегі тәулігіне 5000 турист мөлшерінде болды. Және бұл жәй қарапайым күндері солай болатын. Ал Түркістан қайта жанданғаннан кейін бұл көрсеткіш күніне 12

мың келушіге дейін артты.


Бұл сонымен қатар қордың тек 1800 орын болғанына қарамастан, бұл нашар көрсеткіш емес", — деді Рашид Аюпов.

Облыс әкімнің орынбасары Шымкенттің туристік әлеуеті Түркістан облысы туристерінің есебінен арта бастағанын қосып өтті.