Әкімдіктер мен министрліктерде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімдіктер мен министрліктерде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Әкімдіктер мен министрліктерде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.  Президентке мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимінің жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды.

  • 26 Мамыр 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған пилоттық жобаға 2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, бірқатар өңірдің әкімдіктері қатысты. Жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде жобаға қатысушы мемлекеттік органдарда кадрлардың алмасуы 4,9 пайыздан 3,5 пайызға дейін азайып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы арта түсті (конкурс 1 орынға 3,4 есеге артты), орталықта және аймақтарда еңбекақы төлеу алшақтығы 70 пайыздан 16 пайызға дейін қысқарды. 

"Мемлекет басшысы аталған жобаны жергілікті атқарушы органдарда сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдарда ауқымды түрде жүзеге асыруды тапсырды.
 Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің санын кезең-кезеңімен қысқарту және мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру керек. Президент құрылымды қайта өзгерту нәтижесінде үнемделген қаржыны еңбекақы көлемін арттыруға бағыттау маңызды деп санайды"
, — делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар