Ақмола облысында «El Umiti-2024» лагерінің тренингтері мен шеберлік дәрістері басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Ақмола облысында «El Umiti-2024» лагерінің тренингтері мен шеберлік дәрістері басталды

 Ақмола облысында «El Umiti-2024» лагерінің тренингтері мен шеберлік дәрістері басталды

17 маусымда Ақмола облысының Зеренді ауылында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінде «El Umiti-2024» жазғы білім беру лагері салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Н.Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы, «El Umiti» Корпоративтік қорының басшысы Асланбек Әмрин, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Жүсіпов Қанат Амантайұлы және Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы қатысты. 

  • 18 Маусым
  • 5
ФОТО: fnn.kz

«El Umiti» Корпоративтік Қоры ұйымдастырған бұл лагерь 14-18 жас аралығындағы балалар мен жастарға үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бағдарламаға сыни және стратегиялық ойлау, көшбасшылық, қаржылық сауат және эмоционалды интеллект сияқты икемді дағдыларды әлеуметтік жобалау және оқыту сабақтары кіреді. Лагерьге 200-ге жуық бала, соның ішінде «Мың бала», «El Umiti Talent» ауыл оқушыларына арналған Ұлттық олимпиада, сондай-ақ «Qabilet» және «El Umiti сыйлығы» жобасының белсенді қатысушылары сияқты түрлі республикалық байқаудың жеңімпаздары қатысады. Лагерь 25 маусымға дейін жалғасады. 

Лагерьдің негізгі бағыты — білім беру. Күн сайын қатысушылар үшін үздік мамандардың қатысуымен тренингтер, шеберлік және мотивациялық дәрістер өткізіледі. Асаубек Айымбетов пен Серікзат Дүйсенғазы сияқты танымал меймандар қатысушыларға шабыт беру үшін өзінің табыс сырын айтып берді. Сондай-ақ, эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт жоспарланған. 

Жобаның мақсаты – қор жобаларының барлық қатысушысын қолдау, амбассадор командасын және El Umiti дарынды балалар мен жастар қауымдастығын құру. Лагерьге қатысушылар дамуға қажетті өмірлік дағдыны меңгерді.  

«El Umiti» қоры еліміздің дамуына үлес қосуға дайын әлеуеті жоғары қазақстандықтарға жағдай жасай отырып, миллионнан астам бала мен жасты қамтып, елдің болашақ көшбасшылары мен кәсіби мамандарын дамыту үшін белсенді түрде жұмысқа кіріскен.Ұнайды