Акробат Ниагара сарқырамасы үстімен арқанмен жүріп өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Акробат Ниагара сарқырамасы үстімен арқанмен жүріп өтті

Акробат Ниагара сарқырамасы үстімен арқанмен жүріп өтті

Әуе акробаты Ник Валленда Ниагара сарқырамасынан жүз жылдан астам уақыт аралығында керілген арқанмен өткен алғашқы адам атанды.

  • 3 Қараша 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

Ол қатерлі жолды жарты сағатта еңсерді: осы уақыт ішінде машықтанған акробат сарқыраманың үстінен 50 метр биіктікте америкалық-канадалық шекараны қиып өтті.

Жүрек жұтқан акробатқа шашыранды сулар мен негізгі арқанның тербелуін бәсеңдететін орнықты кендірдің болмауы аз кедергі келтірген жоқ.

«Бұл ерлікке іштей оқыған дұғамның арқасында қол жеткіздім», — деді Валленда журналистерге берген сұхбатында. — Бастысы, аса зейінділік, жинақылық пен жаттығу қажет», — деп қосты ол.

Аса қызықты да тосын оқиғаны тамашалауға 125 мың канадалық және шамамен 4 мыңдай америкалық көрермен жиналды.