Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Айдарбековтардың кіші келіні Индира Мәуленова қиын жағдай туралы желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Баршаңызға қайырлы кеш, бүгін мен сіздерге өзімнің бала күтушім туралы айтқым келіп отыр. Біз 8 ай бұрын осы агенттіктен няня алдық. Оның ішіне виза кіреді. Көбісі сұрайды, неге баоа күтушісін салмай кеттің деп. Екі ай бұрын, концерттен кейін, демалыс күні көмекшім менің ақшамды ұрлап қашып кетті.
Жалпы біз оның қашып кеткенін қалай түсіндік? Договор бойынша филиппиндердің паспорты бізде болған. Біз жоқ кезде барлық үйді тінтіп, өзінің паспортын тауып алған, ақшаны да тауып алып, ұрлап кеткен. Оның қашып кеткенін бір күннен кейін ғана білдік.
Жұмыс күні келген жоқ, сосын біз іздей бастадық. Сол кезде бір агенттіктен көмек күттік, олар «өздеріңіздің кінәларыңыз, паспортты жақсылап тығу керек еді» деп айтты.
Егер тағы да көмекші керек болса, тағы да хабарласыңыз, жеңілдік жасап береміз деді. Былай қарасаңыз, агенттіктің ешқандай да пайдасы жоқ. «Неге қазақ қыздарын алмадыңыздар?» деген сұрақ та болды. Өйткені, біздің отбасында атақты адамдар болғандықтан, артық әңгіме болғанын қалаған жоқпыз.
Филиппиндер балаға жақсы қарайды, мен ұйықтағанда үйдің тірлігіне көмектеседі деген соң солай жасадық», — деп айтқан блогер.