Актриса Жанель Мақажан Жаханмен болған қарым-қатынасын ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Актриса Жанель Мақажан Жаханмен болған қарым-қатынасын ашып айтты

Актриса Жанель Мақажан Жаханмен болған қарым-қатынасын ашып айтты

Актриса Жанель Мақажан соңғы уақытта Жахан Отарғалиевпен бірге жиі төбе көрсетіп жүр, және оның себебін жасырмай айтты.

  • 17 Қараша 2020
  • 1711
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Инстаграм әлеуметтік желісінде Жанель мен Жаханның бірге түскен видеоларының шегі жоқ. Барлығы дерлік махаббат тақырыбында түсірілген. Соны назарға алып көпшілік қауым араларында сезімнің барын сезгендей.

Жақында Түркия мемлекетінде де екеуі бірге демалыстарын өткізген болатын. Ыстамбұл қаласында өткізген сәттерін желіге жүктеп отырған қос актерді, оқырмандары қалт жібермей бақылап отырды. Тіпті екеуінен тәтті махаббат күтетінін жасырмады.

Жанель Мақажан бұл сұрақтың нүктесін қойды десек те болады. 

"Айтсам ба екен, айтпасам ба?!… Шынымды айтсам біз Жахан екеуіміз өте жақын доспыз. Болды! Арамызда артық ара-қатынас жоқ. Осыны айтқым келеді" — деп барлық сұрақтарға жауап берді. 

Желі қолданушылары: "Негізі екеуіңіз қатты жарасасыздар", "Жарасымды жұп", "Бірге болса қандай күшті" — деген пікірлер жазды.

Соңғы жаңалықтар