Жарияланды: 420

"Ал не болды Пашинян, сенің Қарабаққа қатысты статусың қайда?" Желіде Әлиевтің Пашинянды кекетіп айтқан сөзі тарап кетті

"Ал не болды Пашинян, сенің Қарабаққа қатысты статусың қайда?" Желіде Әлиевтің Пашинянды кекетіп айтқан сөзі тарап кетті

Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары Қарабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойғаны мәлім. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлады. 

Таулы Қарабақтағы атыс 10 қарашадан бастап толығымен тоқтатылады, Әзербайжан мен Армения өздері иеленген шепте тоқтайды, сонымен қатар әскери тұтқындарды алмасуы тиіс. Сондай-ақ Қарабақта Ресей бітімгершілік күштері орналастырылады. Армения тағы үш ауданды Әзірбайжан иелігіне өткізеді.

Осы бір қуанышты сәттен кейін Әзірбайжан президенті Әлиевтің келісімге қол қойғаннан кейін күліп айтқан сөзі желіге тарап кетті. 

"Ал не болды Пашинян? Сенің Қарабаққа қатысты статусың қайда? Тозаққа кетті статусың. Статус жоқ, болмайды да. Мен президент болып тұрғанда статус болмайды. Қарабақ Әзербайжандікі", деді Әлиев. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін