Алакөл жағасынан жаралы аққу тауып алған Алматы облысының тұрғыны оны зообаққа өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алакөл жағасынан жаралы аққу тауып алған Алматы облысының тұрғыны оны зообаққа өткізді

Алакөл жағасынан жаралы аққу тауып алған Алматы облысының тұрғыны оны зообаққа өткізді

Алматы облысының тұрғыны А.Мұқашев Алматы зообағына жаралы аққуды әкеп өткізді. Азамат оны Алакөл жағасынан тауып алған екен. Бұл ақпаратты Зообақтың баспасөз хатшысы Михаил Сорокоумов айтты. 

  • 29 Қаңтар 2015
  • 4165
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, сұңқылдақ аққу өткен жылы күзде ұлы көшке ілесуі тиіс болған. Алайда, жолдан аңшылардың оғынан жараланып, қалып қойған. Оқ құстың қанаты мен сол аяғын зақымдаған.

«Қалайша жаралы аққу осы 3 ай ішінде Алакөл жағасында өмір сүрді? Қалай азығын тауып жеді? Ол бір құдайға аян», — деді М.Сорокоумов.

Қазір құс ветеринарлардың жіті назарында. Жарақатынан ширап келеді.

«Қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Бірақ, әлі де адамдарды өзіне жақындатпайды. Үркіп қалған сияқты», — деді құстар секциясының меңгерушісі Назгүл Елдеева.


Оның айтуынша, бүгінде зообақта 20 сұңқылдақ аққу бар. Енді олардың саны біреуге артты. Тұқымдастары оны қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз.